Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тюмень Мемлекеттік Медицина Университетіндегі академиялық ұтқырлық.

Тюмень Мемлекеттік Медицина Университетіндегі академиялық ұтқырлық.

19 Қаңтар 2018

Біз “Жалпы медицина және стоматология” факультетінің 4 курс студентттері 15.09.2017-29.12.2017ж аралығында академиялық ұтқырлық бойынша Тюмень Мемлекеттік Медицина Университетінде болдық. Тюмень қаласына келген бойда университет әкімшілігі бізді  ТюмММУ-дің ең үздік жатақханаларының біріне орналастырды. Бірінші күні бізге ТюмГМУ-дің бас корпусында экскурсия жүргізіп, әкімшілік бөлімімен таныстық. Сонымен қатар, ТюмММУ проректоры м.ғ.д профессор Василькова Татьяна Николаевнамен кездесуде болдық. Академиялық ұтқырлық барысында бізге жауапты болған кісілер: Сергей Павлович Сахаров – педиатрия факультетінің деканы , м.ғ.к  Людмила Вячеславовна Ханипова – педиатрия факультеті деканатының диспетчері, Елена Петровна Ашихмина – жоғары курс бойынша декан көмекшісі. ТюмММУ администрациясы мен студенттерінің бізге көрсеткен достық қарым-қатынасын айта кеткіміз келеді.

ТюмММУ базасында біз “Ішкі аурулар”, “ Балалар аурулары” және “Ағылшын тілі”  циклдарын өттік. “Ішкі аурулар” және “Балалар аурулары” циклдарын өту барысында, біз науқастармен көп жұмыс жасадық. Бізді ойымызша бұл біз үшін, алдағы жұмысымыз үшін баға жетпес тәжірибе болды. Практикалық сабақтарды талқылау түрінде, ал экзамендерді билет бойынша ауызша тапсырдық. Бұл біз үшін жаңа тәжірибе болды.

Проректор м.ғ.д профессор Василькова Татьяна Николаевнамен кездесуде бізге ТюмММУ-дың тарихы, оқу жүйесі, қоғамдық өмірі жайлы ақпарат берді. Біз өз кезегімізде біздің КММУ жайлы және мұндағы оқу жүйесі жайлы әңгімелеп бердік.

ҚММУ-мен қарым-қатынаста алғаш рет студенттер осындай ұзақ уақытқа оқуға келіп тұр ,- дейді педиатрия факультетінің деканы, м.ғ.д Сахарова Сергей Павлович.  Өткен жолы Қарағандыдан студенттер 2 аптаға келген болатын. Осы жолы  Қазақстаннан келген студенттер 1 семестр бойы біздің университетімізде білім алды.

Біз өзіміздің жеке оқу кестеміз бойынша, бізге керек барлық дисциплиналарды қамту үшін әр түрлі топтармен сабақ өттік. Цикл негізінен 4-6 курс студенттерімен өтті.

Жаңа оқу жүйесіне тез үйрену үшін бізге ТюмММУ студенттері көп көмектесті. Жаңа қалаға үйрену үшін бізге ТюмММУ  педиатрия факультетінің  6 курс студенті Солохиддинов Билол көмек көрсетті. Біз осы тәжірибе алмасу барысында: жаңа білім, Тюмен қаласы бойынша экскурсия, жаңа тәжірибе және достық қарым-қатынас  орнаттық.


0
5478

пікірлер

пікір қалдыру үшін.