Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ студенттерінің Рязань қаласындағы академиялық ұтқырлығы.

ҚММУ студенттерінің Рязань қаласындағы академиялық ұтқырлығы.

18 Қаңтар 2018

Біз  Жалпы медицина және стоматология факультетінің 4 курс студенттері Абдуллаев Зульфугар, Айтжанов Даулетбай, Алдияр Гульназ, Валиева Сабина, Меренцов Павел, Смагулова Гульназ, Хамитов Рафиз, Хроль Анастасия  И.П.Павлов  атындағы Рязань мемлекеттік медицина университетінде  күзгі семестр  аралығында  академиялық ұтқырлық аясында оқудан өттік.  Жоо РФ – дағы  Жоо арасында  6 орынға ие және 46 мемлекет студенттерімен тәжірибе алмасу оқытуын жүргізеді, оның ішінде Қазақстан да бар. 

Біз «Акушерия және  гинекология», «Хирургиялық аурулар» пәндерін оқыдық. Жоғары кәсібилік профессор – оқытушылар құрамының арқасында теориялық базаны және практикалық дағдыларды жеңілдікпен игердік. Теориялық біліміміз тәжірибеде белсенді қолдану арқасында бекітілді. Сонымен қатар оқыту үдерісіне ғана емес, мәдени іс – шараларға көңіл бөлінді. Бізді Рязань қаласының салт – дәстүрімен, тарихи  мәдени ескеркіштерімен таныстырды және біртуар  И. П. Павлов, С. А. Есенин, К. Э. Циолковский қоғам қайраткерлерімен таныстырды.

Сонымен қоса, университетте әртүрлі үйірмелер мен спорттық секцияларға қатыстық. Біз ағылшын тілі клубы студенттеріне ерекше алғысымызды білдіреміз. Бұл жерде шетел азаматтары мен тілдесіп қана қоймай, Бразилия, Италия, Сербия, Ливия, Мысыр, Марокко, Камерун сияқты елдердің қазіргі кездегі кең таралған медициналық тақырыптарын талқыладық.
Бізге көрсетілген қолдау үшін ҚММУ ректоры Р. С. Досмағамбетоваға, стратегиялық даму, ғылым және халықаралық қарамқатынас проректоры, профессоры А. А. Тұрмұхамбетоваға үлкен алғысымызды білдіреміз. 

Рязань мемлекеттік медициналық университетінің халықаралық бөліміне, сонымен қоса, біздің куратор, хирургиялық аурулар кафедрасының доценті және біз үшін орны бөлек өте қарапайым, жақсы адам 
Подъяблонская Ирина Аполоновнаға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Жалпы медицина және

стоматология факультетінің

4 курс студенттері


0
5703

пікірлер

пікір қалдыру үшін.