Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
PhD ДОКТОРАНТТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ АЯСЫНДА ЛУНД УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ АЛУЫ (ЛУНД қ., ШВЕЦИЯ)

PhD ДОКТОРАНТТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ АЯСЫНДА ЛУНД УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ АЛУЫ (ЛУНД қ., ШВЕЦИЯ)

09 Қаңтар 2018

6D110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 2-оқу жылының докторанты Омарова Алуа Ораловна 2017 жылдың 5 қарашасынан 2017 жылдың 29 желтоқсанына дейін академиялық ұтқырлық аясында Лунд университетінде (Лунд қ., Швеция) білім алды.

Білім алу кезінде «Introduction to Research Management and Academic Writing» курсы меңгерілді. Курс ғылыми жобалар, академиялық жазба, академиялық оқу, сыни ойлау, Швецияның денсаулық сақтау жүйесі мен медициналық кадрлар дайындау мәселесін, сонымен қатар Лунд университетінің құрылымын қамтыды.

Білім алумен қатар Лунд университетінде зерттеу тәжірибесі өтілді. Тәжірибеден өту барысында “Protozoan parasites in drinking water: A conceptual framework for improved water, sanitation and hygiene in developing countries” тақырыбына арналған мақала аяқталып, “International Journal of Environmental Research and Public Health” журналына баспаға жіберілді.

Сонымен қатар шетелдік кеңесшілер профессор Ronny Berndtssonмен және PhD доктор К.М. Тусуповамен докторлық диссертацияның тақырыбы бойынша келесі мақаланың тақырыбы мен құрылымы анықталды.

Берілген мүмкіндік пен жасаған қолдауы үшін ҚММУ ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетоваға, стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, профессор А.А. Тұрмұхамбетоваға және халықаралық ынтымақтастық бөліміне алғысымды білдіремін. Сонымен қатар шетелдік кеңесшілер профессор Ronny Berndtsson мен PhD доктор К.М. Тусуповаға және Лунд университетінің барлық профессорлық-педагогикалық құрамына шақырту жібергені, ортақ атқарылған жұмыс, берілген жаңа ақпарат пен жасаған жағымды жағдай үшін рахмет айтқым келеді.

6D110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы

бойынша 2-оқу жылының докторанты

Омарова Алуа Ораловна


0
5487

пікірлер

пікір қалдыру үшін.