Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Литвадағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Литвадағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

09 Қаңтар 2018

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті және Вильнюс мемлекеттік университеті ынтымақтастық меморандумға қол қойды. Осы ынтымақтастық нәтижесінде микробиология кафедрасының меңгерушісі С.Б. Ахметова және доцент Г.А.Абдулина Вильнюс университетіне оқытушылардың академиялық ұтқырлығы аясында шақырылды http://www.mf.vu.lt/en/content/general/teachers-karaganda-shared-their-knowledge-microbiology 

Вильнюс мемлекеттік университеті — Литвадағы Вильнюстың көне және ірі жоғары оқу орындарының бірі, ірі ғылыми орталық, ол біртіндеп оқу процесін реформалауды жүзеге асыруда: еуропалық трансфер жүйесі және  кредиттерді жинақтау (ECTS), бакалавриат, магистратура және докторантура білім берудің үшсатылы деңгейіндегі оқу жүйесін енгізді.  Шетел студенттері ағылшын тілінде білім алады.   

Біз ол жақта болу кезінде 2 курс  жалпы медицина, стоматология, фармация факультетінің студенттеріне дәріс оқып және зертханалық сабақтар жүргіздік.  Профессор-вирусолог, микробиологиялық бөлімнің меңгерушісі Tomas Kacergius бізге келесідей академиялық ұтқырлық бағдарламасын ұсынды.

 «Антибиотиктер және микробқа қарсы  препараттар» (фармация факультетінің студенттері үшін дәріс).

 «Рабдовирустар, Пикорнавирустар: полиовирус, Коксаки, ECHO вирустары және риновирустар» (медицина студенттері үшін дәріс).

 «Спирохетоз және риккетсиоздардың зертханалық диагностикасы» медицина студенттері үшін семинар және зертханалық сабақтар.  

 «Спирохетоз және риккетсиоздардың зертханалық диагностикасы» медицина студенттері үшін семинар және зертханалық сабақтар.

 «Вирустардың морфологиясы, құрылысы және жіктелуі.Вирустардың көбеюі. Вирустарды дақылдандыру. Вирусты инфекцияларға сипаттама» (стоматология  факультетінің студенттері үшін дәріс).

 «Иммунологиялық әдістер. Аллергия» стоматология  факультетінің студенттері үшін семинар және зертханалық сабақтар.

 «Антибиотиктерге  бактериялардың тұрақтылық механизмі» (фармация факультетінің студенттері үшін дәріс).

 «Тогавирустар, Буньянвирустар, Ареновирустар, Филовирустар»  (медицина студенттері үшін дәріс).

 «Саңырауқұлақты инфекцияның зертханалық диагностикасы. Патогенді қарапайымдылар» медицина студенттері үшін семинар және зертханалық сабақтар.

 «Саңырауқұлақты инфекцияның зертханалық диагностикасы. Патогенді қарапайымдылар» медицина студенттері үшін семинар және зертханалық сабақтар.

  2017 жылы академиялық ұтқырлық нәтижесі бойынша біз студенттер мен оқытушылардың өзара алмасуын күтеміз.

   Профессор Tomas Kacergius  2018 жылдың мамыр айында біздің университетке келіп ғылыми зерттеулерді талқыламақ. 

  Академиялық ұтқырлық – пікір-ой, тәжірибе, білім алмасу және дүниетанымыңды дамыту үшін үлкен ынталандыру мен мүмкіншілік. Осы тұрғыда біздің Литвадағы әріптестерімізбен қарым-қатынас екі жақты үлкен жетістіктер мен жемісті ынтымақтастыққа әкелетініне сенеміз.

С.Б.Ахметова микробиология кафедрасының меңгерушісі, Г.А.Абдулина доцент 


0
5485

пікірлер

пікір қалдыру үшін.