Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Диагностиканың негізгі хаттамалары мен кардиологиядағы емдеуді білуге арналған зияткерлік викторина

Диагностиканың негізгі хаттамалары мен кардиологиядағы емдеуді білуге арналған зияткерлік викторина

08 Қаңтар 2018

Жаңа жыл қарсаңында, 27 желтоқсанда ҚММУ Медициналық орталығының базасында  «Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы» мамандағы бойынша 3 жыл оқып жүрген резиденттердің арасында диагностиканың негізгі хаттамалары мен кардиологиядағы емдеуді білуге арналған зияткерлік викторина өткізілді. Бұл шараның бастамашысы мен ұйымдастырушысы ҚММУ терапевтикалық пәндер кафедрасының профессоры, медицина ғылымының кандидаты, «Кардиология» пәніне жауапты  Игімбаева Гаухар Тілеубекқызы болды. Әділқазылар құрамына шақырылғандар –  резидентура және қосымша білім факультеті деканының орынбасары Шилина Юлия Сергеевна, терапевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ыбыраева Ләззат Қатайқызы, медицина ғылымының докторы, профессор Омарова Раушан Әлиасқарқызы. Шараның меймандары – ҚММУ кафедрасының, Медициналық орталықтың қызметкерлері.

Ойынға қатысушылар жеребе арқылы 4 командаға бөлінді. Бірінші кезеңде викторинаға қатысушылар жүректің ишемиялық ауруына, артериалдық гипертензияға, созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне, жүрек алды фибрилляциясына қатысты теориялық сұрақтарға жауап берді. Барлық командалар жоғары теориялық дайындықпен келгендерін көрсетті, нәтижесінде бірінші кезеңнің өзінде ойынның басты фавориттері анықталып қалды.

Бірінші кезең барынша аз ұпай алған команда ойыннан шығып қалды. Ал бірінші оқу жылындағы резиденттер Абылқанов Шыңғыс пен Аукенов Дәурен шығармашылық дарындарымен көрермендерді дән риза қылды, олар келе жатқан Жаңа жылдың құрметіне арнап «Где-то на белом свете» әнін нәшіне келтіре орындап берді.

Екінші кезеңге қалған үш команда шықты. Олар жүректің жоғарыда аталған сырқаттары бойынша өте жақсы теориялық біліммен келгендерін паш етті.

Бұған қоса, командалар ЭКГ расшифровкалау бойынша практикалық машықтарын да көрсетуге тиісті болатын. Конкурстың бұл кезеңінде ойынға қатысушылардың арасында бәсеке өте тартысты болды. Себебі жауапты білумен қатар, тез айту да ескерілді. Екінші кезеңнің нәтижелері бойынша 2 команда ақтық кезеңге жолдама алды. Ал көрермендер  бірінші оқу жылындағы резидент Ыбыраева Қымбаттың орындауында гимнастикалық лентамен әсем шығыс биін сүйсіне тамашалады.

Викторинаның үшінші кезеңінде кардиологияның шұғыл көмегі бойынша медициналық алғышарттарды білу тексерілді, атап айтқанда – алдын ала диагнозды верификациялаумен күрделі клиникалық міндетті шешу, бастапқы терапевтикалық іс-шара көрсету және пациентті емдеудің одан арғы тактикасын анықтау. Сол сияқты капитандар конкурсы өткізілді, нәтижесінде командалар жеңіске жету жолында қосымша ұпайлар алу мүмкіндігіне ие болды. Әділқазылар шешім қабылдар алдында үшінші оқу жылындағы резиденттер өздері шығарған әндерді орындап, резидентурадағы оқу барысы туралы юмористикалық бейнекөрініс ұсынды. Бұл осы байқауға қатысушылар мен көрермендерге жайдары көңіл-күй сыйлады.

Викториналық ойынның қорытындысында барлық командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар әділқазылар қосымша 3 сыйлық белгіледі – «Үздік капитан» (үшінші оқу жылындағы резидентҚошанова Жанат), «Үздік ойыншы» (бірінші оқу жылындағы резидентМахадиева Назерке) және «Әділқазылар көзайымы» (екінші оқу жылындағы резидентСмағұлов Қайыржан). Конкурстық іс-шара әділқазылар мен викторина меймандарының құттықтау сөздерімен  және мерекелік фотосессиямен аяқталды.


0
5413

пікірлер

пікір қалдыру үшін.