Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жүректің туа біткен және құрылымдық аурулары бойынша 3-ші Иран халықаралық конгресі

Жүректің туа біткен және құрылымдық аурулары бойынша 3-ші Иран халықаралық конгресі

05 Қаңтар 2018

Иран Ислам Республикасының Мешхед қаласында жүректің туа біткен және құрылымдық аурулары бойынша 3-ші Иран халықаралық конгресі, Caspian Meeting 2017 өтті. Оған  модератор ретінде ҚММУ терапевтикалық пәндер кафедрасының профессоры, медицина ғылымының кандидаты Игімбаева Гаухар Тілеубекқызы шақырылды. Бұл конгресс CSI Foundation әріптестікте Razavi Hospitalұйымдастырылды.

Кездесуде жүректің туа біткен, құрылымдық және клапандық ауруларын катетерлі терапиялау, эхокардиография мен жүректі  визуализациялаудың басқа да әдістері туралы баяндамаларға кеңейтілген шолу ұсынылды.Бұл баяндамалар ересектердің және балалардың интервенциялық кардиологтары, кардиоторакалды хирургтар мен анестезиологтар үшін арнайы дайындалған.

Бұл конгресс дәрігерлермен, ғылым қайраткерлерімен және медициналық жабдықтарды әзірлеушілермен тығыз халықаралық байланыстар орнатуға, белсенді интерактивті ортада кардиология саласының соңғы жаңалықтарын кеңінен талқылауға тамаша мүмкіндік берді. Бағдарламаға осы саладағы жетекші сарапшылардың80 лекциясы, нақты уақыт режиміндегі 15 демонстрация, Fetal және TAVI Focus Imaging бойынша шеберлік сыныптары мен интерактивті сеанстар, сол сияқты септалды аппарат, клапандыимплантация окклюзиясы мен емдеудің түрлі тәсілдеріне арналған қосымша сабақтар кірді.

Конгрестің отырысы бірегей медициналық орталық Razavi базасында өткізілгендіктен, шара барысында достық рәуіштегі қарым-қатынас орнады. Бұл орталық өзінің аса зор көлемімен және медициналық жабдықтардың жоғары деңгейімен, кадрлардың біліктілігімен қайран қалдырады. Осылайша, осы ауқымды шараға шақырылған елдердің мамандары мен ғылыми қайраткерлері халықаралық қатынастарды біріктіру мен нығайтуға, сол сияқты кардиология саласындағы медицинаның соңғы жаңалықтарын игеруге тамаша мүмкіндік алды.


0
5142

пікірлер

пікір қалдыру үшін.