Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан - біздің мақтанышымыз

Қазақстан - біздің мақтанышымыз

26 Желтоқсан 2017

2017 жылдың 13 желтоқсанында «Мейіргер ісі» мамандығының студенттері үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған интерактивті ойын форматында іс-шара өткізілді.

Бұл шараның мақсаты студенттердің азаматтық және патриоттық негіздерін қалып-тастыру, Отанға деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді құрметтеу болды.

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды. Бүгінде жас мемлекет ежелгі қазақ жерінде жарияланып, биылғы жылы 26 жылдығын атап өтті. Қазақстан қысқа уақыт ішінде барлық салаларда - саясат, экономика, мәдениет саласындағы ауқымды реформаларды жүргізе алды және әлемдік қауымдастықта лайықты орынға ие болды.

Республикамыздың саяси тәуелсіздік рәміздері - бұл елтаңба, ту, әнұран. Мемлекеттік рәміздердің қалай пайда болғаны туралы түсінік алу үшін олардың нышандарын білу ғана емес, олардың рәміздерін түсіну өте маңызды. Студенттер әр мемлекеттің нышанына, оның құрылу тарихына және оның маңыздылығына қонақтарды таныстырды. Одан кейін викторинаны өткіздік.

Мерекелік іс-шараның соңында «Мейіргер ісі» мамандығының студенттері кураторы Инеш Берікқызы Меерманова студенттерді қыстық сессияда сәттілік тіледі және қонақтарды, ойын қатысушыларын келе жатқан мерекемен құттықтады.

«Мейіргер ісі» мамандығының студенттері

Сауымбекова Жансая (4-001) және Қайыржанова Наргиз (3-001)


0
5121

пікірлер

пікір қалдыру үшін.