Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Балалар жұқпалы аурулар кафедрасындағы Тәуелсіздік және Қазақ тілі күні.

Балалар жұқпалы аурулар кафедрасындағы Тәуелсіздік және Қазақ тілі күні.

25 Желтоқсан 2017

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні-1991 жылдың 16-шы желтоқсаннан бастап әр жыл сайын тойланатын еліміздің ең басты мерекесі.

Биыл рухы асқақ, тұғыры биік төл мемлекетімізге 26 жыл толды.

Осы орайда 13-желтоқсан күні Балалар жұқпалы аурулар кафедрасында кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Бегайдарова Роза Хасанқызының басқаруымен  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және ана тіліміз- қазақ тіліне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара барысында студенттер,интерн-педиатрлар және резиденттер өз өнерлерін баршаға паш етіп, қазақтың мәдениеті мен тарихын тереңірек таныстыра өтті. 6-031топ студенті Ашен Әділет және 4-035 топ студенті Қоңырбаева Ақмарал кеш жүргізушілері болды. 6-027 топ интерні Лесхан Сауленур Қазақстанның қалыптасуы мен бүгінгі күнге дейінгі елеулі оқиғаларына шолу жасап, шағын видео-ролигін ұсынды. 4-081 топ студенті Гофман Сабина әдемі қазақ халқының ұлттық биін орындады. 6-031 топ интерні Касенова Динара дайындаған Қазақстан тарихының білімін жетілдіруге бағытталған кішігірім сұрақ-жауап өткізілді. 6-042 топ интерні Жайгараев Ерзат пен 6-018 топ интерні Жабагенов Диас шабыттандыратын қазақтың ұлттық күйін шертті. 6-027-топ интерні Әжібек Нұрбек өз шығармасынан «Тәуелсіздік тұғырым» атты өлең жолдарын оқыды, бұл шығарма көрермендердің жүректерін елжіретті десек қателеспейміз. Мерекелік іс шараны барлық қатысушылардың орындауында Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқтады.

Іс-шара қонақтары көрермендерді келе жатқан мерекелермен құттықтап, студенттерге қанаттандыратын сөздер айтты.

Баршамызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

6-028 топ интерні Әбибулла Жансая


0
4826

пікірлер

пікір қалдыру үшін.