Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қостанай облысының жұмыс берушілерімен еңбек шарттарын жасасу бойынша іс-шара

Қостанай облысының жұмыс берушілерімен еңбек шарттарын жасасу бойынша іс-шара

25 Желтоқсан 2017

2017жылдың 21 желтоқсанында ҚММУ-да Қостанай облысының 40 медициналық ұйымдарының  өкілдері және «Фармация», «Мейіргер ісі», «Қоғамдық денсаулық сақтау» бакалавриат мамандықтарының түлектері,  Қостанай облысының медицина ұйымдарымен  жұмысқа орналасуға келісім-шарт жасасқан «Жалпы медицина» интернатура мамандығының 7-курс түлектері және резидентура түлектері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты бакалавриат, ағымдағы жылдағы резиденттер түлектерімен және интернатурадағы 7-курс түлектерінің еңбек шарттарын шоғырландыруы болды.

ҚММУ клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби дамыту бойынша проректор Бақыт Нұрғалиқызы Көшерова құттықтау сөзін айтты.  Сөзді Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы Зәуре Еркінқызы Жұмабаева жалғастырды. Ол қатысушыларды Қостанай облысының әрбір медициналық ұйымымен таныстырды, акушерия және гинекология, педиатрия, анестезиология және реаниматология, кардиология, неонатология және т.б

мамандықтар бойынша медициналық персоналдың тапшылығын бар екенін айтып өтті. Сонымен қатар, 2017 жылы Қостанай облысында жаңа бағыт іске қосылды - аса тапшы бағыттары көтергіш мөлшерінде 1,5 млн. - нан 2,5 млн. теңгеге дейін мамандарға төленеді. Жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге, ұйымның қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы алуға, тәлімгерді нығайтуға және тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететінін айтты.

Әрі қарай, жұмыс берушілер түлектерді өздерінің аймақтарына шақыра бастады, өз кезегінде, оның медициналық ұйым ұсынатын әлеуметтік бума, атап айтқанда көтерме жәрдемақы, тұрғын үй ұсыну, жалға берілетін тұрғын үй үшін төлеу, жас дәрігерлердің мектепке дейінгі жастағы балаларын орналастырады және жұбайын жұмыспен қамтамасыз етеді.

Жұмыс берушілерге сауалнама жүргізу сараптама қорытындысы бойынша жұмыс берушілер түлектердің теориялық және практикалық дайындықтарының деңгейіне «жақсы» деп баға берді.  Іс-шара соңында 2018 жылғы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бакалаврлармен үшжақты келісім-шарттар жасалды. 7-курс интерндері медициналық ұйымдармен жасасқан келісім-шарттарымен шоғырландырылды және 2018 жылдың тамыз айынан бастап өз мамандығы бойынша жұмысқа кіріседі және өздерінің мансаптық өсуін бастайды.


0
5061

пікірлер

пікір қалдыру үшін.