Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
И.П. Павлов ат. Рязаньмемлекеттік медицина университетіндегі академиялық мобильділік

И.П. Павлов ат. Рязаньмемлекеттік медицина университетіндегі академиялық мобильділік

14 Желтоқсан 2017

И.П. Павлов ат. РязММУ мен ҚММУ арасындағыакадемиялық  мобильділік аясында физиология кафедрасының меңг., профессор Ф.А.Миндубаева 20.11 - 02.12.2017 ж. аралығында психофизиология курсымен қалыпты физиология кафедрасына шақырылды.

И.П. Павлов ат. Рязань мемлекеттік медицина университеті – РФ-ның өз бағытындағы ең ірі ЖОО-ның бірі, 1943 жылы Мәскеу ДСМ РСФСР медициналық институты ретінде негізі қаланды және 1950 жылға дейін Мәскеу қ. қарады. Академик И.П. Павловтың (1949 ж.) 100-жылдығына байланысты (1950 ж.) Рязань қ. ауыстырылды. Қалыпты физиология кафедрасы жеке ғимаратта орналасқан және тарихы өте бай. Оның іргетасын В.В.Парин және П.К.Анохин сияқты атақты ғалым,  академиктер қалаған. 1999 жылдан бастап кафедраны «РФ жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері» м.ғ.д., профессор М.М.Лапкин басқарады. Кафедраның ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты функционалды жүйелер теориясының іргелі түсініктерін егжей-тегжейлі өңдеуге арналған – «пайдалы бейімделуші нәтиже», адамның мақсатқа бағытталған мінез-құлқын жүйелік ұйымдастыруда тұлғаның дифференциалды-психофизиологиялық ролін зерттеуге, «жеке денсаулық» түсінігінің әдістемелік аспектілерін өңдеуге және оны диагностикалаудың тиімді әдістерін іздеуге бағытталған.

1979 жылдан бастап РязММУ базасында Павлов ғылыми оқылымдары жүргізілуде. Ф.А. Миндубаева И.П.Павловтың атақонысына, Нобель сыйлығының болашақ иегерінің балалық және жасөспірім шағын өткізген Мұражай-үйіне барып қайтты. РязММУ негізгі құрылымдық бөлімдерімен: виварий, ОҒЗЛ, практикалық дағдылар орталығы, кітапхана, патологиялық физиология кафедрасы, қалыпты анатомия кафедрасы жұмысының ұйымдасуымен таныс болды. Кафедрадағы барлық жұмыс түрлерінің ұйымдасуымен: оқу, оқу-тәрбиелік, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу (ҒЗЖ және СҒЗЖ), ағзаның физиологиялық функциясының жүйелік ұйымдасуын зерттеуге арналған жаңа құрылғылармен жабдықталған ғылыми лабораторияның жұмысымен, кейін осы сұрақтарды талқылаумен: тек базалық емес сонымен қатар клиникалық кафедралармен оның ішінде неврология және нейрохирургия, ішкі аурулар поликлиналық терапия курсымен интеграциялануы қажет екендігі туралы сұрақтармен таныс болды.

РязММУ-не барған уақыттары, Ф.А.Миндубаева  кафедра меңг., м.ғ.д., профессор М.М.Лапкиннің дәрістеріне, доценттердің практикалық сабақтарына қатысты, пратикалық сабақ уақытында студенттердің компьютерлік тестілеуден өтуімен танысты, емдеу, педиатрия, стоматология факультеттерінде кафедраның оқу жұмысына қатысты, практикалық сабақтар жүргізді, күнтізбелік-тақырыптық жоспардағы:  «Торможение в ЦНС», «Частная физиология ЦНС», «Физиология спинного мозга», «Физиология продолговатого мозга», «Физиология среднего мозга», «Вегетативная нервная система», «Физиология ретикулярной формации», «Физиология ротового анализатора» тақырыптары бойынша дәрістер оқыды, емдеу факультетінің студенттерінде емтихан қабылдауда қатысты. Қалыпты физиология пәні бойынша қорытынды бақылауды, практикалық дағдыларды тапсыру, шетелдік (ағылышын және француз тілдерінде) студенттерге білім беру сұрақтары, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалану, бағытын ескере отырып оқу процесінің әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуі, жекелеп айтқанда стоматология факультетінің студенттерінде жақ-бет аймағының физиологиясын тереңдетіп оқыту, практикалық жұмыстардың тізімі және т.б. сұрақтар талқыланды. 

Кафедраның соңғы отырысында академиялық мобильділік бойынша жасалған осы сияқты алмасу екі жаққа тиімді екені айтылды және болашақта И.П. Павлов ат. РязММУ мен ҚММУ физиология кафедраларының  арасындағығысеріктестікті оқытушылар мен студенттерді даярлау сапасын жоғарылату мақсатында одан әрі дамыту ұсынылды.

Физиология кафедрасының меңг., профессор  Ф.А.Миндубаева


0
5832

пікірлер

пікір қалдыру үшін.