Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Медициналық дағдылар негіздері» өндірістік практикасы

«Медициналық дағдылар негіздері» өндірістік практикасы

14 Желтоқсан 2017

2017 жылғы 8 желтоқсанда Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде «Медициналық дағдылар негіздері» өндірістік практикасын ұйымдастыру және өткізу бойынша «жалпы медицина» мамандығы бойынша 2 курс студенттеріне жиналыс өткізілді.

Жиналыста практика бойынша жауапты оқытушы Седач Ника Николаевна кіріспе сөз сөйледі.  Одан әрі клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің практика бойынша маманы Алия Амырбековна Касимова кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу бойынша таныстыру рәсімін жүргізді. Ол студенттерді практиканы өту мерзімімен, нормативтік құжаттармен, өткізу ережесі және практиканы ұйымдастырумен, сонымен қатар, медициналық бақылауды өту ережесі, кәсіби практиканы өткізуге шарттар құру және күнделіктерді толтыру жұмыстарын түсіндірді.

Жиналысқа 217 студент,  «жалпы медицина» мамандығы бойынша «Медициналық дағдылар негіздері» өндірістік практикасы жөніндегі өндірістік практика бойынша жауапты оқытушылар (Н.Н. Седач, Ж.А. Калбеков), жалпы медицина және стоматология факультеті деканының орынбасары (Р.К. Бегимбетова), клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің практика бойынша маманы (А.А. Касимова)   қатысты.

Клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру жөніндегі бөлімі 


0
5028

пікірлер

пікір қалдыру үшін.