Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тұңғыш Президент күніне және ҚР Тәуелсіздік күніне арналған шетел бөлімінің студенттері үшін интеллектуалды ойын

Тұңғыш Президент күніне және ҚР Тәуелсіздік күніне арналған шетел бөлімінің студенттері үшін интеллектуалды ойын

13 Желтоқсан 2017

2017 жылдың желтоқсан айының 8-ші жұлдызында шет тілдер кафедрасымен  шетел бөлімінің студенттері үшін ҚММУ №2 жатақханасының оқу залында Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған интеллектуалды ойын өткізілді.

Бағдарламаның салтанатты ашылуы Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды, жүргізушілер «Жалпы медицина және стоматология» факультетінің 4 курс студенттері болды.

Интеллектуалды ойынның бірінші тапсырмасы ағылшын тіліндегі бейнероликпен байланысты болды, залдағы барлық қатысушыларға Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңін еске түсірді, сонымен қатар халықаралық аренада ҚР елеулі жетістіктерімен таныстырды. Бейнероликтен соң шетел бөлімінің студенттеріне ҚР саяси және экономикалық жүйесімен байланысты  едәуір күрделі сұрақтарға жауап беру ұсынылды.

Интеллектуалды ойынның екінші кезеңі Н.Ә.Назарбаев - ҚР Тұңғыш Президенттің өмірбаянынан қызықты және маңызды фактілермен презентация алдын алынған соң, «Менің Қазақстаным» викторинасы өтті.

Кезеңдер арасындағы үзілістерде шетел бөлімінің студенттері қазақтың халық музыкасымен рақаттанды: қазақ тіліндегі Айтбай Бақберген мен Шаймерденова Алипаның «Туған жер», «Алтын бесік»  әндері және Рахман Надираның «Ерке сылқым» күйі орындалды.

Қазақстанның тарихын,географиясын, мәдениетін, саяси жүйесін жақсы білген шетел бөлімінің бірнеше студенттері естелік жүлделермен марапатталды,

Халықаралық медицина факультетінің декан орынбасары Д.М. Доскожин  интеллектуалды ойынды жоғары бағалап, осындай шеңбердегі іс-шаралар халықаралық алмасуда баға жетпес тәжірибе екенін атап өтті

0
5162

пікірлер

пікір қалдыру үшін.