Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ЖИТС инфекциясының актуальды сұрақтары

ЖИТС инфекциясының актуальды сұрақтары

08 Желтоқсан 2017

Бүкіләлемдік СПИД-ке қарсы күрес күніне арналған айлықта иммунология және аллергология кафедрасының мұғалімдері мен «жалпы медицина» факультетінің студенттері 3-017, 3-025 топтармен ВИЧ профилактикасына арналған дөңгелек стол өтті.

Дөңгелек стол қонақтары, Облыстық Қарағанды СПИД-ке қарсы күрес пен профилактика орталығының дәрігер эпидемиологы Кудрякова И.Р.  «Қарағанды облысы бойынша ЖИТС инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы. Авариялық жағдайда ҚММУ студенттерінің іс-әректтері» атты тақытыпқа хабарлама жүргізді. Ақпараттық слайд пен видеоролик АИВ тақырыбына қатысты барлық маңызды аспекттерді қамтды: ЖИТС-ке қарсы Бүкіләлемдік компания, Қарағанды облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИВ науқастардың стигмасы және дискриминациясы.

«Сау ұрпақ» қоғамдық бірлестігінің директоры Носырова Е. А.  қатысушыларға «Арман» атты видеоролигі науқастың ауыр тағдыры туралы баяндады.

Студенттер АИВ инфекция мәселесін талқылауда белсенді қатысты. Викторина барысында қызықты сұрақтар қойылып талқыланды.

Тыңдаушылардың жоғары белсенділігі мен қызығушылығы СПИД тақырыбын болашақта да талқылау керектігін көрсетеді.

0
5091

пікірлер

пікір қалдыру үшін.