Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жеңіспен құттықтаймыз!

Жеңіспен құттықтаймыз!

06 Желтоқсан 2017

Тұңғыш Президент күніне орай  жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында өткізілген «Елбасының тарихи жобалары мен бастамалары» атты облыстық ғылыми жобалар байқауында «Жалпы медицина» мамандығы 1-006 тобының студенттері Қайрат Аида және Кәмели Әмина Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының аға оқытушы М.Т.Алиева жетекшілігімен IIIорынға ие болды.

Байқау Тұ

ңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығымен (Теміртау қ.) ұйымдастырылып,  3 кезеңнен болды. 2017 ж. 30 қарашасында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының конференц-залында байқаудың қорытынды кезеңі өтті. Осы кезеңде студенттер іріктеуден өткен жобаларын қорғады (слайд таныстыру). Командалық жобаны Қайрат Аида және Кәмели Әмина «Ғылым, мәдениет және білім беру» секциясында бойынша қазақ тілінде қорғады.

Байқаудың қорытындысы бойынша студенттер ІІІ орынға ие болып, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жобаға қатысу барысында студенттер жаңа ғылыми білімдер мен өзіндік зерттеу жұмыстарын меңгерді.

Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының оқытушылары А.А.Ахатова, М.Т.Алиева


0
5081

пікірлер

пікір қалдыру үшін.