Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тәуелсіздік –тұғырым!

Тәуелсіздік –тұғырым!

29 Қараша 2017

  Тәуелсіздігіміздің  26 жылдығы қарсаңында №1 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасында «Тәуелсіздік – тұғырым»  атты іс – шара ұйымдастырылып, өткізілді. Ұйымдастырушылар кафедра мүшелері мен «Жалпы медицина» мамандығының 5-курс студенттері. Аталған іс-шараға жалпы медицина және стоматология факультетінің деканы – Ташкенбаева Венера Базарбекқызы, факультет деканының орынбасарлары: Байменова Айман Серикбаевна – «Жалпы медицина» мамандығының 4-5 курстарына жауапты, Шарапиева Сулушаш Бекетовна – «Жалпы медицина» мамандығының 6-7 курстарына жауапты, Культенова Махаббат Тулегеновна – оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша декан орынбасары, Койшибаев Жандос Муратович – декан орынбасары қатысты. 

  Мерекелік іс-шара ұйымдастырудағы мақсат - желтоқсан құрбандарының ерлігін еске алу, жастардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, жастардың патриоттық сезімдерін ояту, олардың білім мен ғылымға деген ынтасын арттыру және студенттердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болды. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша  білім алып жүрген 5 - курс студенттері өз ойларын ортаға салып, көріністер мен сұрақ-жауап арқылы қызу пікірлерімен алмасты. Адам  тек өткен тарихын аңсай берсе, ол патриотизм болмайды, келешекті қиялдап тағы өмір сүре алмайды сондықтан жастарымыз  басшымызға, білімге, еліне деген  сый құрметпен қарап әр азамат өз міндет пен парызын орындаса еліміз бейбіт, жарқын болашақта өркендейді. Дөңгелек үстеліміздің жүргізушілері 5-061 топ студенті Орын Манас және 5-043 топ студенті Азимханова Жадыра тарихымызды еске алғызып осы күнге дейін жеткен жетістіктерімізбен бөлісті.  Міне, осы бір жан тебірентер сәтте Қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына бас тіккен азаматтар туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаевтар желтоқсанның ызғарында ұлттық намыстарын ту еткен батырларымызды біздің студенттер  еске алып осы батырлардың ерен еңбегін өз рөлдерінде ойнап шықты. Атап кетсек ЖМФ  5-055 топ  – студенті  Аяпбергенов Еркебұлан Қайраттың рөлін сомдаса, 5-055 топ студенті Оңашбай Марияш Ләззатымызды сомдады, 5-031 топ студенті Қойшыбаев Асхат Ерболдың қайтпас қайсар мінездерін көрсетті. 5- 060 топ студенті Сафарханұлы Абзал «Адай» және «Талас»  күйлерін орындады. 5-028 топ студенті Парманқұлова Сымбат «Қазақтай ел қайда» атты  әнді орындап, би биледі. 5-064 Қарсыбаев Мейірман «Көк тудың желбірегені» әнін  орындады. Әдемі ән мен көңілді бидің соңы сұрақ –жауап түрде 4 кезеңнен тұратын 3 топтан құралған студенттер арасында болатын викторинаға жалғасты. №1 Жалпы  дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент Г.Ж.Мершенова қорытындылай отыра қатысқан студенттерді алғыс хат пен сыйлықтармен марапаттады.

  Келген қонақтар мен студенттерге алғыс білдіріп, Қазақстанымыздың өркендеуіне бірге атсалысуға шақырды.

  Аудитория  әдемі көрнекі құралдармен жабдықталды және өткен тарихымыздан осы күнге дейін жеткен жетістіктеріміз бейнефильм арқылы қонақтарға көрсетілді.

   

Г.Ж.Мершенова м.ғ.к., доцент,

  №1 Жалпы  дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі.

Кафедра ассистенттері:Ж.Ф. Бекжунусова, А.А.Бижан.

 «Жалпы медицина» мамандығынының 5-001А топ студентіН.Ж. Жолшыбек.

0
5333

пікірлер

пікір қалдыру үшін.