Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні

Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні

20 Қараша 2017

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік диабетикалық федерацияның бірігуімен 1991 жылы қант диабетінің таралуының жиілеуіне байланысты 14 қараша Дүниежүзілік қант диабетімен күресу күні  болып бекітілген. Бұл күні Канадалық дәрігер және физиолог Фредерик Бантинг дүниеге келген. Джон МакЛеод пен Чарльз Бестмен бірге инсулинді тауып, ол үшін Нобель сыйлығы берілді.

Осыған орай, 2017 жылдың 14 қарашасында Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университетінің №2 ішкі аурулар кафедрасымен  7-037, 7-047, 7054, 7060 топ интерн-терапевттерінің ұйымдастыруымен ҚММУ медицина орталығы базасында қант диабетіне қарсы күрес күніне орай  іс-шара болып өтті. Бұл іс-шараға 80-нен астам адам қатысты. Скрининг барысында әрбір қатысушының қандағы гликемия және холестерин деңгейі эксперсс-әдісімен анықталды. Сонымен қатар, дене салмағы индексі есептеліп, FINDRISC шкаласы бойынша алдағы 10 жыл көлемінде қант диабетімен ауыру қаупін бағалауға арналған сауалнама сұрақтарына жауап алынды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша, қант диабетімен ауыру жоғары қауіпі анықталған адамдарға, осы аурудың алдын алу мүмкіндіктері туралы сұхбат, өмір салтын өзгерту және тағамдық диеталық ұсынымдар туралы кеңес берілді.

ҚММУ медициналық орталығына іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.

№2 ішкі аурулар кафедрасы

0
5132

пікірлер

пікір қалдыру үшін.