Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мектеп жасындағы балалар ауруларын алдын алу

Мектеп жасындағы балалар ауруларын алдын алу

17 Қараша 2017

Салауатты өмір салты (СӨС) —мәдени қалыптасуға негізделген, жеке тұлғаның мағыналы тіршілік әрекетінің құндылықтары және ағзаның бейімделу мүмкіндіктерін нығайтатын және күнделікті мәдени тіршілік әрекетінің тәсілдері мен қалыптарының жиынтығы.

СӨС жеке тұлғаның тепе-тендікте дамуын , денсаулығын сақтау мен оның нығаюын, жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтауын қамтамасыз етеді, сондай-ақ біздің қоғамымыздың қарқынды динамикалық даму жағдайында қажетті ең құнды қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі әлемнің динамикалық өсу жағдайында жас ұрпақтардың денсаулықтарын сақтау  –ең  маңызды , әлеуметтік міндеттердің бірі, сондықтан өскелең ұрпақ үшін салауатты өмір салтын ерте жастан бастап тұрақты түрде насихаттау қажет.

2017 жылдың 8 қараша айында № 2 балалар ауруларыкафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Б. Т.Тукбекованың , кафедра ассисенті А. А. Исаеваның  басшылығымен, дайындау бағыты  «Педиатрия »  6-044 тобының интерндерінің  қатысуымен Қарағанды қаласының жалпы білім беретін №48 орта мектебінде "СӨС дегеніміз не?" тақырыбы бойынша  іс-шара дайындалып  өткізілді.

Мектеп оқушыларына ақпараттарды салауатты өмір салтының негізгі түрлері бойынша презентациялық көрнекілік түрінде, түсінікті қылып көрсетілімдер мен баяндамалар арқылы жеткізді ,атап айтсақ: дұрыс еңбек ету мен демалыс режимі туралы (С.М.Каражигитова), зиянды әдеттерді болдырмау жолдары туралы (К.И.Бастова),қажетті қозғалыс белсенділігі жөнінде (И.М.Мирхашимов),жеке бастың тазалығы туралы (К.А.Прокопьева),денені шынықтыру жайлы(А.А.Абильдина),дұрыс тамақтану жөнінде (А. Д.Сатиболдиева) тақырыптар төңірегінде кеңінен  сұхбаттады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында күн тәртібіне ұсыныстар берілді:

1)күн сайын таңертең арнайы белгіленген бір уақытта ояну;

2) әрдайым таңертеңгі жаттығулармен үзбей шұғылдану;

3)тұрақты түрде белгіленген бір уақытта тамақтану;

4)ақыл-ой мен күшті қажет қылатын ауыр жұмыстармен алма-кезек айналысу;

5)жеке бастың тазалық ережелерін сақтау;

6)оқуға дайындық тапсырмаларын орындау және жақсы желдетілген бөлмеде ұйықтау;

7) белгіленген тұрақты , бір мезгілде ұйқыға жату.

Осылайша, балаларда салауатты өмір салтын қалыптастыру,қоғамның маңызды міндеті болып табылады, осыған байланысты балалар бойында өз денсаулықтарын сақтау және оны нығайту мен салауатты өмір салтының мәдениетін қалыптастыру ұстанымдарын оятуға ықпал жасауымыз керек. Білім беру үрдісіне білім технологияларына салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған сабақтарды енгізу қажет және жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуіне мүмкіндіктер туғызу керек.

Осындай  іс-шараларды  өткізуге  мүмкіндік  бергендері үшін дайындау бағыты  «Педиатрия » 6-044 тобының  интерндері  № 2 балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі м. ғ. д., профессор Б.Т.Тукбековаға және кафедра ассисенті А.А. Исаеваға шексіз алғыс  білдіреді.

6044-топ интерні А.Д. Сатиболдиева

0
5363

пікірлер

пікір қалдыру үшін.