Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Акция "Өзіңді диабетке тексер!"

Акция "Өзіңді диабетке тексер!"

17 Қараша 2017

Әлемдік қант диабетімен күресу 14 қараша күні канадалық дәрігер, физиолог  Фредерик Бантингтің туған күніне сәйкес жыл сайын аталып өтеді. 1922 жылы дәрігер Чарльз Бестпен диабетпен ауыратын адамдарды құтқарған инсулин препараты жасап шығарды.

14 қараша күні ҚОДБ бас эндокринологы З.М.Туткушбаеваның, Облыстық клиникалық аурухананың ат салысуымен, ҚММУ бірінші оқу жылындағы резидент-эндокринологтарымен Ж.Ш.Алтынхан, К.К.Бимагамбетов, Д.К.Елемесова, Е.Н.Ерназарова, М.К.Кабакашева, А.К. Муслимова, А.С. Тойымбекова, А.А. Садуақасова, Л.Е.Хоменко  Қарағанды тұрғындарына "City mall" СОО файесінде "Өзіңді диабетке тексер!" атты акция өтті. Акциянң мақсаты – көпшілік халыққа қант диабетінің себептері, белгілері жайлы ақпарат беру, қант диабетін ерте анықтау және болдырмау жолын қарастыру. Акцияға 105 адам қатысты. Зерттеу жұмысттары алдын ала дайындалған алгоритм бойынша жүргізілді: қандағы қант мөлшерін экспресс әдіспен анықтау, қан қысымын, дене салмағын және бел ауқымын өлшеу. Акция барысында Қарағанды халқының өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтындығы байқалды. Біз акцияға қатысушылармен қант диабетін тудыратын қауіп факторлары және алдын алу мәселелері  жайлы ақпарат беріп, бюллетеньдер таратылды.

Салауатты өмір салтының қарапайым жолдарын ұстану және дұрыс тамақтану  біріншілік және екіншілік қант диабетінің  алдын алу жолдары екені сөз етілді.Қант диабеті жүрек-қантамыр аурулары  және онкология аурулары секілді мүгедектікке әкелетін үлкен үштікке кіреді. Ол қанда қанттың көбеюімен көрінеді және кез келген жаста пайда болып өмір бойы жалғасын табады. Қант диабеті 1 тип(инсулинтәуелді), қант диабеті 2 тип (инсулинтәуелсіз) деп бөлінеді.  Әлемде барлық диабеттің 92% қант диабетінің 2 типінің үлесіне тиеді. Қант диабетінің 2 типі дұрыс тамақтанбау және аз қозғалудан, дене салмағының көбеюінен дамиды. Егер бала кезден рационда көмірсулар көп болса (нан өнімдері, тәттілер), ол өз кезегінде семіздікке әкеледі, семіздік қант диабетінің алғы шарттарының бірі.

Біз өткізген акция қант диабетінің санын азайтып, қала тұрғындарының пайдасына жарады деген үміттеміз!

АЛТЫНХАН ЖАНСАЯ

бірінші оқу жылындағы резидент-эндокринолог

0
5644

пікірлер

пікір қалдыру үшін.