Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Астанадағы халықаралық конференция

Астанадағы халықаралық конференция

14 Қараша 2017

Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, Мемлекет тарихы институты, тарихшылар Қауымдастығының конгресі, 2017 жылдың 10 қарашасында ЭКСПО-2017 Конгресс орталығында «Рухани жаңғыру: Алаш және азаттық идеясының сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияға қатысушыларға құттықтау сөзді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықова арнады. Конференцияға Қазақстан Республикасы Мәжіліс парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, Министрліктер мен мекеме ұйымдарының қызметкерлері, ғалымдар, Шетелдік ғылыми-зерттеу институттарының басшылары: Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Башқұртстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, оқытушылар және бұқаралық ақпарат ұйымдарының өкілдері қатысты. ҚММУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасынан аталған маңызды конференцияға кафедра меңгерушісі философия ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.А. Темірғалиев, тарих ғылымдарының кандидаттары, доценттер: Б.Қ. Қыздарбеков, А.Е. Даниярова, Б.С. Малыбаева, А.Т. Молдашева шақырылды.

Конференцияның басты мақсаты мемлекет басшысының тағдыршешті бастамаларына, қоғамдық сананы және рухани өркендеу саласында қолдау көрсету, тарих ғылымындағы көкейкесті мәселелерді талқылау. Конференцияда екі секция жұмыс жасады: «1917 жылғы Ресей төңкерістері және Алашорда», «Алашорда саяси тұғырнамасының жаңашыл идеялары: дамуы мен жүзеге асуы». Бүгінгі рухани жаңғыру дәуірінде аталған конференцияның маңызы өте зор екені даусыз.     

0
5609

пікірлер

пікір қалдыру үшін.