Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Басшының базалық дағдылары»

«Басшының базалық дағдылары»

13 Қараша 2017

ҚММУ қызметкерлері біліктілігін арттыру бағдарламасы шеңберінде 2017 жылдың 10 қарашасында Адами ресурстарды басқару департаментінің ұйымдастыруымен «Басшының базалық дағдылары»  атты семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренинг жүргізушісі,  жаттықтырушы-кеңесші, «HR Consulting» СБР коучы – Надежда Зубова. Н.П. Зубованың негізгі жұмыс бағыты - іскерлікті  дамытуға арналған тренингтер; персоналды басқару; сату және келіссөздер жүргізу; сервистік қызмет көрсету; телефон арқылы қарым-қатынас, телемаркетинг; топ жасақтау тренингі; жеке тиімділік тренингтері болып табылады.

Семинар-тренингке ұсынылған материалдар ЖЖО-ның құрылымдық бөлімше басшыларына басқарудың тиімді әдістері мен тәсілдеріне арналған.

Міндеттер:

Басқару қызметі, жоспарлау, бақылау, жіберу, ұйымдастыру және коммуникация жайлы тыңдаушыларға түсінік қалыптастыру.

Тыңдаушыларды басшылық стилі мен басшы функциясымен, SMART өлшемдерімен, HDI типологиясымен, «Дөңгелек менеджмент» моделімен таныстыру.

0
5221

пікірлер

пікір қалдыру үшін.