Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Сарыарқа пирамидасына саяхат

Сарыарқа пирамидасына саяхат

08 Қараша 2017

2017 жылдың 29 қазаны демалыс күнінде Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының тарихи үйірмесінің жұмысы шеңберінде жаңадан ашылған көне ескерткіш - Сарыарқа пирамидасына саяхат жасалды. Қола дәуірінің атақты көсемінің жерленген жерін 2016 жылы ҚарМУ-ті жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының қарағандылық археологы Игорь Кукушкин тапты. Ал осы жылы ескерткіш қазақстандық археолог Арман Бейсеновтың жетекшілігімен  толығымен қалпына келтірілді және шамамен 3 мың жыл бұрынғы алғашқы қалпында қайтадан келді (ғалымдардың ойынша). 

Күздің салқын ауа-райына қарамастан Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасыныңоқытушылары А.Т. Бакирова, С.А. Никифорова, кафедра меңгерушісі К.А. Темиргалиев және А.Б. Долгополов,кафедраның тарих үйірмесінің студент-мүшелерімен бірге біздің аймақтың Шет ауданының Талды елді мекеніне жолға шықты. Ескерткіш маңында кафедра меңгерушісі Қ.А.Темірғалиев студенттерге Қазақстан территориясында қола дәуіріндегі тайпалар мәдениеті туралы шағын дәріс оқыды, ал С.А.Никифорова 2017 жылдың 12 сәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевпен айтылғандай, «Туған жер» бағдарлама тұрғысынан туған өлкемізде сапар мен саяхаттың маңыздылығын айтып,  барлығымызбен өзінің ойымен бөлісті.

Біз пирамиданы және де қола дәуірінің басқа да ескерткіштерін толық қарап шықтық, студенттермен шағын сұхбатты бейне таспаға жаздық және суретке түстік. Бейне таспаны үйірме отырысында қолдануға болады, ал ескерткіш суреттерін біздің бабаларымыздың бай мәдени және тарихи  мұрасына қызығушылық таныту үшін біздің пәнді оқушы 1 курс студенттеріне көрсетуге болады.  

А.Б. Долгополов – кафедраның тарих үйірмесінің жетекшісі.

А.Т. Бакирова – аға оқытушы.

0
5757

пікірлер

пікір қалдыру үшін.