Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Эразмус+ бағдарламасының Қазақстандағы ақпараттық күні

Эразмус+ бағдарламасының Қазақстандағы ақпараттық күні

07 Қараша 2017

2017 жылдың 2 қарашасында Алматы қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігіЕуропалық Комиссияның Білім беру, Аудиовизуалды және Мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің қолдауымен, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің ұйымдастырылуымен Erasmus+ бағдарламасының Ақпараттық Күні өтті. Бағдарламада Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстандағы ЕО-тың елшілігінің, Францияның Қазақстандағы Бас консульдігінің өкілдері мен студенттер және қызығушылық білдірген басқа да ұйымдар қатысты.

   Ақпараттық күннің мақсаты Эразмус+ бағдарламасының негізгі сипаттамаларымен, «Жоғары білім саласының әлеуетін көтеру» компонентіне сәйкес жобалық өтініштердің Үшінші байқауының және Эразмус+ бағдарламасының халықаралық кредиттік ұтқырлық нәтижелерімен таныстыру болды.

Пленарлық сессияның спикерлері болып, Еуропалық одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Стенбэк Мадсен, Францияның Қазақстандағы Бас консулдығының университеттік ынтымақтастық бойынша атташесі Жиль Маметц, Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық Кеңсесінің ұлттық үйлестірушісі Шайзада Тасболатқызы, сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігінің және жоғары білім беруді реформалау бойынша сарапшылардың ұлттық командаларының өкілдері қатысты.


Ақпараттық күнде 40-тан аса жоо-ның 200-ге жуық өкілдері қатысты. Ақпараттық күн барысында төмендегідей сұрақтар талқыланды:

•  Эразмус+ бағдарламасының негізгі сипаттамалары. Эразмус+ бағдарламасының жоғары білім берудің әлеуетін көтеру және Халықаралық кредиттік ұтқырлық бойынша жобалық өтініштердің ІІІ Байқауының нәтижелері. Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің қызметі туралы ақпарат.

•  Негізгі Әрекет 2. Жоғары білім берудің әлеуетін арттыру. Өтініш берудің Төртінші байқауының жаңа тәртіптері. Ұлттық және жергілікті басымдылықтар.

•  Негізгі Әрекет 1. Халықаралық кредиттік ұтқырлық

•  Негізгі Әрекет 1. Эразмус Мундус Бірлескен Магистрлік дәрежелері.

•  Жан Моне бағдарламасы.

•  Жоғары білім беруді реформалау бойынша сарапшылардың ұлттық командалары.

Секцияларда жобалық өтініштерді жасау мен жобаларды басқарудың практикалық сұрақтары ұсынылды, онда Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің атынан Абакасова Гулмира Жанатқызы – «Жобаларды басқарудың міндеттері мен мәселелері» және Қасымова Сәуле Болатқызы «Өтініштерге дайындық тәжірибесінен бірнеше кеңестер» баяндамаларымен қатысты.

Байқаудың мерзімі мен шарттары туралы барлық ақпарат Эразмус+ Ұлттық кеңсесінің ресми сайтында www.erasmusplus.kz ұсынылған. Ақпараттық күннің мәліметтері, сонымен қатар https://drive.google.com/open?id=0B9ph_rJfzMkIZm9HdXk3N01xc2s сілтемесі бойынша қолжетімді.

Барлық қалаушыларға пленарлық отырыстың тікелей көрсетілімі ұйымдастырылды, тікелей көрсетілім Adobe Connect платформасы арқылы жүзеге асырылып, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің бас корпусындағы Welcome орталық орналасқан 327 аудиторияда тікелей таратылды. 

Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесі ЖБӘК Эразмус+ жобаларының сәтті жүзеге асырылуын және консультациялық көмек пен қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті. 

0
6306

пікірлер

пікір қалдыру үшін.