Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ғылыми ұтқырлық – халықаралық ынтымақтастықты дамытудың қажетті аспектісі (ҚММУ - Пуатье Университеті)

Ғылыми ұтқырлық – халықаралық ынтымақтастықты дамытудың қажетті аспектісі (ҚММУ - Пуатье Университеті)

03 Қараша 2017

Стратегиялық әріптестік шеңберінде Пуатье Университетімен (Франция) және Қарағанды мемлекеттік медицина университет (Қазақстан) Биология депарматементінің қызметкерлері Бабенко Дмитрий Борисович, Сорокина Марина Анатольевна, Колесникова Евгения Александровна, Кельмялене Асель Аскаровна және Окасов Дидар Бекежанович 2017 жылы 21-30 қазан аралығында молекулярлық биология және биоинформатика әдістері бойынша ғылыми іс-тәжірбиеден өтті. Тәжірбиелік бөлімі Пуатье Университетінің «Негізгі және қолданбалы ғылым» оқу және ғылыми-зерттеу бөлімінде профессор Поль Сеит (Paule Séité) және Бриджит Ванниер (Brigitte Vannier) жетекшілігімен өтті. Зертханалық зерттеудің негізгі міндеті pAKTaq (addgene, France) плазмиданы таситын рекомбинантты E.coli штаммынан Taq-полимеразаны бөліп алу болды. Экстрагирленген ферментті полимеразалық тізбекті реакция әдісімен бағалады.

Іc-тәжірбие кезінде Университет ауруханасының Микробиологиялық зертханасының профессоры Кристоф Бурукуамен (Christophe Burucoa), Пуатье Университетінің Математика және ақпараттандыру зертханасының профессоры Пьер-Ив Луимен (Pierre-Yves Louis), Пуатье химия, материалдар және табиғи ресурстары институтының профессоры Джером Гиярмен (Jérôme Guillard) кездесулер болды. Біздің әріптестер Пуатье Университетінің «ImageUp» Визуализация платформасына барды және инженер – зерттеуші Адриана Делвеилдің (Adriana Delwail) ағымды цитометрияның заманауи мүмкіндіктері және Эмиль Беридің (Emile Béré) ғылыми зерттеулерде электронды микроскопияны қолдану атты дәрістерін тындады. Сондай – ақ, жануарларға зерттеу жүргізетін виварийдегі заманауи зертханалық кешендерге экскурсия жүргізілді.

Биология департаментінің қызметкерлері іс – тәжірбиеге қатысуға мүмкіндік берген Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің басшылығына, халықаралық ынтымастық Болондық процес бөліміне, Қазақстандағы Франция елшілігінің ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі атташесі Александра Тиркюир Менсті Франция мен Қазақстан арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту және кеңейтуге ықпалдасқаны үшін және Пуатье Университетінің профессорлары Поль Сеит және Бриджит Ванниерге ғылыми-ұйымдастырушылық кездесулер, тәжірбиелік семинарлар және жағымды атмосфера үшін алығысын білдіреді.


0
6441

пікірлер

пікір қалдыру үшін.