Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Халықаралық пікірталас турнирі

Халықаралық пікірталас турнирі

31 Қазан 2017

21-22 қазанда Алматы қаласында бірінші рет ТМД елдері ЖОО студенттерінің қатысуымен «Speak Up: AIDS” («ЖИТС туралы үнсіз қалма/ сөйле») халықаралық пікірталас турнирі өткізілді.

Турнирдің қатысушылары – ҚР ірі ЖОО студенттері: ҚМЭжәнеП, КБТУ, КазНИТУ, ҚазҰУ, ЕҰУ, сонымен қатар Ресей, Тәжікстан және Қырғызстаннан 300 ден астам студент қатысты. Турнирдің басты төрағасы – «Әлемнің үздік спикері-2017» титулының жеңімпазы Раффи Маршалл (Оксфорд). Өткізілу форматы: биритандық формат. Ресми тілдер: ағылшын және қазақ.

Турнирдің өту барысында студенттердің барлығы өткен, Алматы қ.ЖИТС экспресс-зертханасы жұмыс жасады.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен «INSIGHT» ижәне«Намыс» пікірталас клубтарының қатысушылары: Фисенко Игорь (5-119 ЖМ), Маликайдар Айжан (5-072 ЖМ), Савин Никита (3-051 ЖМ), Гофман Сабина (4-081 ЖМ), Ибраев Батыржан (6-101 Интерн ЖТД), Койшын Мөлдир (4-020 ЖМ), Бурханова Арайлым (4-020 ЖМ), Кадыргали Сұлтангали (3-016 ЖМ), Танирберген Алтынай (3-016 ЖМ) және Орынбек Алуа (2-005 ЖМ) қатысты.

Ойын үш кезеңнен өтті: 1/4 финал, 1/2 финал және финал. Сөз шеберлері жиналғандықтан турнир өте қызықты және қиын болды.

ЖИТС секілді тақырып жаңа қырынан, барлық жаңа және жаңадан мәселелер шеңберінде ойнатылды.

Қорытындысында әр қатысушы әлемдік мәселеге басқа көзқараспен қарауға мүмкіндік алды, ал біз медицина жоо өкілдері ретінде медицинаның бөлігін түсіндіруге тырыстық.

Туринир бірлескен швед үстеліндегі кешкі ас түрінде аяқталды, онда барлық студенттер алғыс хаттармен және қатысқандары үшін дипломдармен марапатталды.

  «INSIGHT» және «Намыс» ПК ҚММУ ректоры, профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтановнаға турнирге қатысуға көмек көрсеткені үшін алғыстарын білдіреді.

Фисенко Игорь 5-119 ЖМ

«INSIGHT» пікірталас клубының жетекшісі


0
5351

пікірлер

пікір қалдыру үшін.