Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ғылым және тәжірбиелік денсаулық сақтау жаңалықтары

Ғылым және тәжірбиелік денсаулық сақтау жаңалықтары

30 Қазан 2017

Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығының 10 жылдығына арналған «Ана мен бала денсаулығын сақтаудағы өзекті мәселелері» ғылыми-тәжірбиелік конференция 19-20 қазанда Астана қаласында  «UMC» - Назарбаев университетінің медициналық орталығы базасында өтті. Бұл орталықтың негізгі мақсаты-заманауи технологияларды енгізе отырып медициналық қызмет көрсету, халықаралық сапа стандарттары және медициналық көмектің қауіпсіздігі, ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне жаңа клиникалық және басқармалық технологиялардың трансферті және аурухананың қолданыстағы инфрақұрылымын нығайту.  

Конференция акушерия-гинекологиялық тәжірибеде кездесетін өзекті мәселелерге, ана және бала денсаулығын сақтауға, трансплантология мәселелеріне, нефрология, балалар хирургиясы және урология, сонымен қатар науқастардың өмір сапасын жақсарту және ұйымдастыру, ерте диагностика және реабилитация сұрақтарына арналды.  Пленарлық отырыстардың модераторлары - Курманов Алмас Мухаметкаримович «University Medical Center» ұжымдық қорының басқарма төрағасы, Балиева Загипа Яхяновна ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасында бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Актаева Ляззат Мейрашевна ҚР денсаулық сақтау вице-министрі. Елдер өкілдерінің географиясы өте кең және өкілетті болды. Конференцияның жұмысы барысында  атақты отандық профессорлар  Н.А. Каюпова, Т.К. Чувакова, А.Б. Канатбаева және басқа мамандар, шетелдік ғалымдар Сильвио Дель Буона (Италия, Генуя), Ян Си Сяски (АҚШ, Пенсильвания штаты), Аился Мак Леллаи (Ұлыбритания, Элинбург), Айбек Тайфун (Түркия, Анкара)  және басқада алыс шетел мемелекеттерінен, Ресейдің және Белоруссияның (Минск) жетекші сарапшыларының делегациясы (Мәскеу, Санкт-Петербург, Курган) қатысты. Балалар онкологиясы және онкогематология секциясы ерекше қызығушылыққа ие болды, Бұл секцияда балалық шақ ісіктерінің ағымының ерекшеліктері және клиникалық диагноздың верификациясы мен  патоморфологиялық диагностикасының жаңа әдістері, ерте диагностика сұрақтары қарастырылды. Заманауи иммуногистохимиялық зерттеу әдістерін, гистологиялық көріністі қолдана отырып ісіктік үдерістің морфологиялық диагностикасы бойынша мастер-класс өткізілді. 

Профессор М.М. Тусупбекова


0
5323

пікірлер

пікір қалдыру үшін.