Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Халықаралық қатысумен «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» IVРеспубликалық ғылыми-практикалық конференциясы.

Халықаралық қатысумен «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» IVРеспубликалық ғылыми-практикалық конференциясы.

24 Қазан 2017

Бүгінгі таңда заманауи пульмонологияның ең өзекті мәселелерінің біріне пневмония, СОӨА, өкпенің интерстициальды аурулары, бронхиальды демікпе жатады. Жаңа диагностикалау әдістерін енгізілуіне қарамастан аурулардың патогенезі бойынша сәйкес клиникалық-рентгенологиялық және морфологиялық белгілерінің қиындықтары сақталып, көптеген диагностикалық қателіктердің туындауына әкеледі. Осы мәселелерді  шешу үшін және респираторлы патология саласындағы отандық және шетелдік мамандарының арасында үнемі тәжірбие алмасу және туындаған мәселелерді шешу үшін  2017 жылдың қазан айының 13-14 күндері Астана қаласында  жыл сайынғы халықаралық қатысумен «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» IV Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конгрестің ұйымдастырушылары Еуропалық-Азиалық респираторлы қоғам, Респираторлық медицина мамандары қауымдастығы, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ, «Астана Медициналық Университеті» АҚ, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.

Ғылыми – тәжірбиелік конференцияға стендтік баяндама түрінде 2-ші оқу жылындағы доктарантЛ.М. Стабаева дессертациялық зерттеу жұмысының аралық нәтижелері бойынша «Өкпе саркоидозы мен туберкулездің даму кезеңдеріне байланысты гранулеманың дифференциальды диагностикасының морфологиялық предикторлары» тақырыбымен қатысты (жетекшілері ҚММУ патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор М.М. Түсіпбекова және ҚР Президенті Ісі басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасының бас терапевті Р.А. Бакенова).

Конференцияның аяғында қорытынды жасалып, сертификаттар берілді. Л.М. Стабаеваның ғылыми баяндамасы постерлік баяндама секциясында ең үздік деп табылып,  I дәрежелі дипломмен марапатталды.


0
5682

пікірлер

пікір қалдыру үшін.