Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Күншығыс елінде

Күншығыс елінде

24 Қазан 2017

Биылғы оқу жылында, Қазақстан медицина жастары ұйымының (KazMSA)  мүшелері Азия-Тынық мұхит аймағының кездесуіне (APRM) қатысты. Бұл кездесу Жапонияның Токио қаласында 18 елдің медицина жастарын жинады. Қазақстанның төрт медицина оқу орындарынан он студентке еліміздің медицина жастарын халықаралық аренада көрсету мүмкіндігі түсті. Солардың қатарында ҚММУ студенттері: Кабдуллина Қымбат (6-022 топ), Мукатов Дамир (2-034 топ), Кнаятова Сағыныш (3-022 топ), Талғатқызы Рамина (3-022 топ) болды. Жапония медицина жастары ұйымы мүшелері (IFMSA-Japan) осы кездесудіұйымдастырған болатын.

Кездесудің тақырыбы: "Қақтығыс және төтенше жағдайларда денсаулық сақтаудың рөлі" және осыған байланысты студенттер мен даулы және төтенше жағдайлар, ядролық қару, атом бомбалары жайлы маманданған мамандар арасында дәрістер мен талқылаулар өтті. Осылайша, студенттерге осы тақырыптар бойынша білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, біз IFMSA-ның алты бағыттарыбойынша түрлі сессияларға қатысып; қоғамдық денсаулық сақтау, репродуктивті денсаулықпен қоса, АҚТҚ/ЖҚТБ, адам құқығы және бейбітшілік, медициналық білім берукомитеттері бойынша өзекті тақырыптарын талқыладық; сондай-ақ,кәсіби және ғылыми зерттеулермен алмасу - екі алмасу тұрақты комитеттері бойынша кездесуге қатысқан елдермен байланыс орнатып,студенттермен алмасу жайлы келісім-шарт жасастық.

Мукатов Дамир және Кабдуллина Қымбат Азия-Тынық мұхит аймағыелдерінің студенттері арасында іріктеу өтіп, IFMSA тренингтерінің бірі, жаңа жаттықтырушылардыоқыту (TNT) тренингін оқып, нәтижесіндеIFMSA-ның толыққанды халықаралық сертификатталған жаттықтырушыларыболып атанды. Мұндай кездесулер әр елдің медицина жастарына бірге ынтымақтасып, тәжірибе алмастырып, медициналық білім беру мен жұмыс барысындағы  артықшылықтар мен кемшіліктердітабуға мүмкіндік береді. Барлық Қазақстан медицина жастары ұйымының (KazMSA) мүшелері атынан үлкен қолдау жасап, осындай кездесуге қатысу мүмкіндігін бергені үшін ҚММУ ректоры, профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызына алғысымды айтқым келеді.

Кабдуллина Қымбат

интернатураның"Педиатрия"бағытының

6-022 топ студенті


0
5244

пікірлер

пікір қалдыру үшін.