Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Латынға көшу - қазақ тілі дамуының басты факторы

Латынға көшу - қазақ тілі дамуының басты факторы

20 Қазан 2017

Қазанның 19-жұлдызында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің қазақ тілі кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен және ф.ғ.к., доцент С.Ж.Шахинаның жетекшілігімен «Латынға көшу -  қазақ тілі дамуының  басты факторы» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәріске ҚММУ-дың профессоры В.Б.Молотов-Лучанский, жастармен жұмыс бөлімінің бастығы А.А.Унгарбаева, университеттің  қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедраларының оқытушылары  мен студенттері қатысты.

Дәрістің  алдында Вилен Борисович Молотов-Лучанский қатысушыларға қазақ әліпбиін латынға  ауыстыру мәселесінің  бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе екендігін атап өтті. Бұл тұрғыда профессор Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылдың 12 сәуірінде БАҚ-та жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты мақаласы туралы өз пікірін айта келе, жаңа әліпби жасау  заман талабы екендігіне  тоқталды.

Кафедра доценті дәріс жоспарына сай тілдің дамуы , тіл дамуының жалпы  және  жеке заңдылықтарын  басшылыққа  ала отырып, қоғам дамуының белгілі бір дәрежеде тілге де тигізетін әсері жайлы ғылыми  тұрғыда  түсініктемелер беріп, оларға нақтылы мысалдар келтірді. Дәріс барысында  қазақ әліпбиінің  қысқаша тарихы туралы мәліметтер беріліп, әр тарихи кезеңдегі әліпбилер салыстырылып (араб,латын, кириллица), олардың өзіндік  ерекшеліктері аталып өтілді. Дәріскер қазіргі кезде латын қарпіне көшуге себепкер болып жатқан мәселелерді, атап айтқанда, күнделікті өмірде қоғам тарапынан сөздің жазылуы мен айтылуында жіберіліп жатқан қателіктерді түрлі мысалдар арқылы дәлелдеді. Осыған орай, қазіргі қазақ тілін дамытудың басты  жолы оның төл табиғатына сай келетін жаңа әліпби таңдау қажеттігіне баса назар аударды. Дәріскер  латынға көшудің ұлттық санамызды жаңғыртып, қоғамға рухани серпін беретін, халықтың сауаттылығын жоғарылатып, елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын  және заман көшіне ілесуге жасалған игі қадам екендігіне де тоқталып өтті. Дәріс соңында латын қарпіне көшудің заман талабы екендігі тыңдармандар тарапынан бір ауыздан қолдау тапты.


0
5285

пікірлер

пікір қалдыру үшін.