Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Вебинар «Балалар демікпесі»

Вебинар «Балалар демікпесі»

20 Қазан 2017

Иммунология және аллергология кафедрасында GlaxoSmithKlineкомпаниясының өкілдерімен GSK вебинарлары бағдарламасы бойынша «Балалар демікпесі» атты тақырыпта вебинар ұйымдастырылды.

Вебинар денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлеріне бронх демікпесінің алдын алудағы маңызды сұрақтарын қарастыруда онлайн режимде өткізілді.

Вебинардың негізгі мақсаты: балалардағы бронх демікпесі бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылату, уақытылы диагноз қоя білу, науқастың өмір сүру жағдайының деңгейін көтеру болып табылады, себебі кеш анықталған бронх демікпесі асқынуларға және көп шығынға, ал дұрыс емделмеген жағдайда мүгедектік пен өлімге әкеледі.

Бронх демікпесінің пайда болу себебін алатын болсақ, адамдардың әртүрлі жас кезеңдерінде ерекшеліктерімен сипатталады. Бір жасқа дейінгі балаларда сырқаттылық тағам аллергиясы кезінде пайда болуы мүмкін, нәтижесінде бронх демікпесінің  асқынулары болады.

Сонымен, дұрыс емдемеген жағдайда диагноз қою қиындай түседі.

Медицина қызметкерлерінің алдында GlaxoSmithKline компаниясының өкілі м.ғ.к.медицина сұрақтары бойынша менеджер Голубовская Марина баяндама жасады.

Вебинар иммунология және аллергология кафедрасының резиденттері мен қызметкерлері, сонымен қатар «Жалпы медицина» мамандығының 7-курс интерндері арасында жоғары деңгейде қызығушылық танытты. Вебинарда бронх демікпесіне уақытылы диагноз қою қажеттілігін ескере отырып, кортикостероидты препараттардың орнына ингаляция түріндегі препараттарды қолдану қызу талқыға салынды.

Сонымен, науқас балаларды дұрыс емдегенде бронх демікпесін алдын алуға толықтай мүмкіндік бар. Басқаша айтқанда, аурудың асқынуын, мазасыздық пен күнде қайталанатын сипмптомдарды, кері әсерлерін және денсаулығын көтеру үшін науқасқа толық түрде ем көрсеткенде жоюға болады.

Вебинарға қатысушылар тыныс алу мүшелерін емдеуде алған ақпараттарына ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Иммунология және аллергология кафедрасы


0
5268

пікірлер

пікір қалдыру үшін.