Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Вебинар «ӨСОА фенотиптері»

Вебинар «ӨСОА фенотиптері»

20 Қазан 2017

Иммунология және аллергологиякафедрасында GlaxoSmithKline фармациялық компаниясының өкілдерімен бірлесіп «ӨСОА фенотиптері» тақырыбы бойынша кезекті вебинар ұйымдастырылды.

Вебинар«тәжірибелік денсаулық сақтауда өкпенің созылмалы обструктивті ауруларын емдеу және алдын алуда жаңа медициналық технологияларын, әдістерін енгізу» бағыты көлемінде өткізілді.

ГСК медициналық сұрақтары бойынша менеджері м.ғ.к. Голубовская Марина баяндама жасаған вебинарға иммунология және аллергология кафедрасынының оқытушылары, резиденттер, сонымен бірге «Жалпы медицина» мамандығының 5-7 курс студенттері белсенді түрде қатысты.

М. Голубовская өзінің баяндамасында өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емі бойынша сұрақтарды қамтыды.

Ғылыми зерттеулерінен, бақылауларынан мысалдар келтірді.

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруларын емдеудің тиімділігінің ең басты көрсеткіші, соның ішінде ауруды дұрыс бақылай білу өткізген вебинардың нәтижесі болып табылады.

Иммунология және аллергология кафедрасы


0
5436

пікірлер

пікір қалдыру үшін.