Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Студенттер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу

Студенттер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу

20 Қазан 2017

11 қазан күні №1 жатақханада жастармен жұмыс жөніндегі бөлім және «Самұрық» СР коррупцияға қарсы күрес министрлігі ҚММУ студенттері ОЖПҚ аудандық инспекторы орталық полиция капитаны Диас Габитұлымен кездесу өткізді.

Аудандық инспектор қатысушыларға Ішкі істер органдарының жұмыс ерекшеліктерімен таныстырды: әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке алып келетін қылмыстар туралы, сондай-ақ студенттермен жасалған құқықбұзушылықтардың тізімін берді.

ҚР жаңа кодексінің жаңалықтары туралы хабардар етіп, «Жергілікті полиция қызметі» жұмысымен таныстырды. Келесі әкімшілік құқықбұзушылықтар жасау жауапкершілігінің дәрежесін түсіндірді: ӘҚК 440 бабы «спирттік ішімдік ішу және мас күйде қоғамдық орындарда болу», ӘҚК 437 бабы «(23:00 ден таңғы 6:00ге дейін) түнде тыныштықты бұзу», ӘҚК 434 бабы «Ұсақ қылмыстық», студенттерге жолды тек жаяу жүргіншілер жолында немесе өтпе жолға өту қажеттігі туралы хабардар етті. Ол сондай-ақ жеке мүлкін жоғалтқан кезде іс-қимыл тәртібін түсіндіріп, жатақхананың студенттері үшін тұруға арналған рұқсаттың болуын анықтады.

Аудандық инспектор Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі өзгерістеріне тоқталды. Атап айтқанда, білім беру саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді төмендету, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау жөніндегі шаралар туралы.

Полиция өкілінің сөйлеген сөзін студенттер үлкен қызығушылықпен тыңдап қана қоймай, қызығушылық танытқан барлық сұрақтарға жауап ала алды.

С.Е. Ерузакова 

«Самұрық» СР коррупцияға қарсы күрес министрлігінің орынбасары


0
5236

пікірлер

пікір қалдыру үшін.