Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Өкпенің созылмалы обструктивті аурулары бойынша күнделікті өмірлерінде науқастардың шешілмеген мәселелері: терапияны қалай таңдау?» вебинары

«Өкпенің созылмалы обструктивті аурулары бойынша күнделікті өмірлерінде науқастардың шешілмеген мәселелері: терапияны қалай таңдау?» вебинары

20 Қазан 2017

Иммунология және аллергология кафедрасында GlaxoSmithKline компаниясының өкілдерімен 14.10.2017ж. «Өкпенің созылмалы обструктивті аурулары (ӨСОА) бойынша күнделікті өмірлерінде науқастардың шешілмеген мәселелері: терапияны қалай таңдау?» атты тақырыпта вебинар өткізілді. Бұл вебинар Астана қаласында «Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция көлемінде «Респираторлық медицинадағы инновациялық технология» халықаралық қатысуымен ұйымдастырылды.

Онлайн режимде екі баяндамашы тыңдалды. Бірінші баяндаманы медициналық сұрақтары бойынша ГСК өкілі м.ғ.к., менеджер Голубовская Марина «Бронхолитикалық терапияға мүмкіндіктер және ӨСОА бойынша ИГКС/ДДБА қалай ұсынылады» атты тақырыпта жасады және дәрігерлер, ғылыми қызметкерлер мен студенттерден тұратын Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен, Ақтөбе мен Қарағандының тыңдаушылары арасында қызу талқыланып қызығушылық тудырды.

Екінші баяндамашы GlaxoSmithKline компаниясының медициналық сұрақтары бойынша менеджері Бакыбаев Дидар «Өкпенің созылмалы обструктивті аурулары бойынша асқынуларын емдеуде антибиотиктерді дұрыс таңдау» тақырыбында тыңдаушылардың сұрақтарына толық түрде жауап берді.

Жалпы тәжірибе дәрігерлері, студенттер, резиденттер, кафедра қызметкерлері кафедра меңгерушісі м.ғ.д. доцент М.А.Газалиеваға және вебинар ұйымдастырушыларына тыныс алу жолдарының ауруларын емдеу мен диагноз қоюда білім деңгейін жоғарылату үшін респираторлық медицина бойынша тәжірибе алмасуда берілген мүмкіндіктеріне алғыстарын айтты.

Иммунология және аллергология кафедрасы


0
5197

пікірлер

пікір қалдыру үшін.