Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Студенттер қатарына қабылдау – 2017!

Студенттер қатарына қабылдау – 2017!

16 Қазан 2017

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ерекше дәстүрлерінің бірі 2017 жылдың 11 қазанында өткен «Студенттер қатарына қабылдау» бірінші курс студенттерінің салтанатты мерекесі болып өтті. Мерекеде Үндістаннан келген 257 студент қатысты.

Мерекенің салтанатты ашылуы ҚММУ әнұранынан басталды. Студенттер қатарына қабылдау рәсімі студенттердің ант қабылдауынан, «Гаудеамус» студенттер әнұранын орындау, Білім Құдайының театрландырылған композициясынан, қасиетті Білім алауын тапсырудан тұрды. Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор В.П.Риклефстің және Халықаралық медицина факультетін деканының орынбасары Д.М.Досқожиннің құттықтау сөзінен кейін студенттер қатарына қабылдау рәсімінің кульминациялық кезеңі басталды – «Жалпы медицин» мамандығының 1-курс студенттеріне сынақ кітапшасы мен символикалық  білім кілтін тапсыру салтанаты басталды. Сонымен қатар шет тілдері кафедрасының оқытушысы п.ғ.к. Бурмистрова Валерия Алексеевна, ҚММУ анатомия кафедрасының аға оқытушысы, жоғары санатты дәрігер-стоматологҚазақстан Стоматологиялық қауымдастығының Президенті, медицина ғылымдарының магистрі А.Т.Байгулаков шақыртылды, олар салтанатты сөз сөйлеп, құттықтауларын айтты.

Салтанатты кештің аяқталуында түрлі үйірмелердің студенттері қатысқан мерекелік концерт өтті, олар «YesTeam» заманауи би үйірмесі, Т.Д. Поверникованың жетекшілігімен хор үйірмесі, вокалды өнер үйірмесі. Олар ҚММУ жастары түрлі жанрларда талантты, би және орындаушылық шеберліктерін меңгерген студенттер екенін көрсетті. 

Бұдан кейін кешегі талапкерлер бір бүтіннің бөлшегі болып шықты, олар – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенттері атанды. Бұл кез елген студенттің өміріндегі ең керемет сәттердің бірі.

Халықаралық медицина факультетінің деканаты


0
5770

пікірлер

пікір қалдыру үшін.