Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Гроссмейстер кубогына қола

Гроссмейстер кубогына қола

12 Қазан 2017

4-8 қазан күндері Астана қаласында халықаралық гроссмейстер Динара Садуакасованың кубогына ҚР жоо арасында I  Республикалық шахмат турнирі болып өтті.

Жарыстың ұйымдастыршылары болып ҚР спорт Министрлігінің қолдауымен Қазақстан шахматы федерациясы болып табылды.

Турнирдің негізгі мақсаты - Қазақстанда шахматты насихаттау және дамыту.

Халықаралалық гроссмейстердің кубогына Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент және басқа да аймақтардан 18 үздік студенттік команда бақ сынасты.

  Турнирдің жүлде қоры - 1 200 000 теңгені құрады. Қарағанды облысынан ҚММУ студенттері қатысты: Сарсембай Аблайхан (5-075 ЖМ), Есенбеков Мағжан (2-022 ЖМ) және Әбіл Арай (7-026 ЖМ).

Төрт күн бойы балалар Қазақстанның басқа жоо шахматшыларымен  атақты кубокке ие болу үшін бақ сынасты. Қатысушылар өздерінің мүмкіндіктерін байқады: көпжүрісті комбинация, құлау, ойластырылған шабуыл, ойластырылған қорғаныс және қарсы шабуыл.

Жарыстың қорытындысы бойынша I  Республикалық шахмат турнирінің жеңімпазы болып Аль-Фараби  атындағы ҚазҰУ (Алматы) командасы атанды, екінші орынды Гумелев атындағы ЕҰУ (Астана) командасы алды, үштікті ҚММУ командасының жүлдегерлері аяқтады..

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне  халықаралық  гроссмейстер, Азияның екідүркін чемпионы,  төртдүркін әлем чемпионы, Қазақстанның үздік шахматшысы Динара Садуакасова табыстады.

ҚММУ спортклубы.   

0
5113

пікірлер

пікір қалдыру үшін.