Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Азаптауға және қатыгездік таныту мен жазалаудың басқа түрлеріне тиімді тергеу жүргізу және құжаттау принциптері. Стамбұлдық хаттама»

«Азаптауға және қатыгездік таныту мен жазалаудың басқа түрлеріне тиімді тергеу жүргізу және құжаттау принциптері. Стамбұлдық хаттама»

12 Қазан 2017

2017 жылдың 5 қазанында ҚР Әділет Министрілігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі және БҰҰ даму бағдарламасымен қол қойылған «Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін тиімді жүзеге асыруда ұлттық құқық қорғау механизмдерін жетілдіру: Екінші кезең» жобасы бойынша Келісім шеңберінде Қарағанды облысының Әділет департаментінде сот-медициналық сараптама саласындағы халықаралық сарапшылар Русудан Бериашвили және Мириям Джишкарианидің қатысуымен бейнеконференция байланысы арқылы семинар-мәжіліс болып өтті. Бұл семинар-мәжілісте мамандыққа байланыссыз «Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін тиімді жүзеге асыруда ұлттық құқық қорғау механизмдерін жетілдіру: Екінші кезең» жобасы бойынша Келісім шеңберінде сот-медициналық сарапшыларды және дәрігерлерді оқыту сұрақтары бойынша Қазақстанның медициналық оқу орындары және мемлекеттік органдардың өкілдері үшін медициналық куәландыру шараларына Стамбұлдық хаттаманы енгізудің халықаралық тәжірибе материалдары ұсынылды. Семинар-мәжіліске ҚММУ патологиялық анатомия кафедрасының өкілдері белсенді түрде қатысты: сот-медициналық сарапшылар – доцент В.Л. Богославский, доцент С.А. Мусабекова және ассистент Р.М. Дусмаилов.  Бұл шара   Стамбұлдық хаттама ұсыныстарын қолдана отырып,  азаптау фактілерін сапалы тергеу және медициналық құжаттаудың жеке әдістемелері мен дағдыларына үйрету өзектілігіне арналған.



0
5199

пікірлер

пікір қалдыру үшін.