Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ-де өткен тұмауға қарсы вакциналау

ҚММУ-де өткен тұмауға қарсы вакциналау

11 Қазан 2017

Қарағанды мемлекеттік медицина университетініңректоры Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетова вакциналау жөніндегі науқанға қатысып, тұмауға қарсы  вакцина алды.

 2017 жылдың 11 қазанындасағ. 09:00-17:00 аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде ЖОО студенттері мен қызметкерлерін тұмауға қарсы  вакциналау туралы науқан болып өтті.

Тұмау – бұл вирус арқылы пайда болатын тыныс алу жолдарының жіті жұқпалы ауруы. Тыныс жолдарының жіті вирустық инфекциялары (ТЖЖВИ) тобына кіреді. Эпидемия және пандемия түрінде қайта-қайта таралып отырады. Вакцинаны қолдану вирустық инфекцияға қарсы жоғары иммунитетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Вакциналау үшін ҚММУ-де «Гриппол-Плюс» (тұмауратқан триваленттік инактивтенген полимер-суббірліктік вакцина)вакцинасы қолданылды. Жалпы алғанда, ЖОО-ның 270 студенті мен қызметкерлеріне вакцина салынды.


0
5561

пікірлер

пікір қалдыру үшін.