Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
"Жыр Жауһар"жинағының таныстырылымы

"Жыр Жауһар"жинағының таныстырылымы

09 Қазан 2017

30 қыркүйекте ЖОО тарихында алғаш рет "Жыр Жауһар" авторлық клубының қатысушыларының, студенттердің поэзиялық шығармашылығы жинағының таныстырылымы болып өтті.

Шығармашылық кешті ҚММУ ректоры Р.С. Досмағамбетова ашты. Раушан Сұлтанқызы алғашқы жинақтың шығуымен құттықтады және дәрігер болу жолының  ауыр және қиын екендігін, сондықтан таңдаған мамандықпен бірге рухани шығармашылықты бірге алып жүру адамдардың құрметіне екі есе лайық екендігін атап өтті.

Кештің арнайы қонағы, жас ақындар Жадыра Байбуланова және Ерік Нарынов жинақтың таныстырылымына қатысып, өздерінің шығармаларын оқыды. 

Осы кеште көптеген әдемі өлеңдер оқылды. Негізгі шығармашылық бағыттар: Отбасы, Махаббат, Отан, Мамандық, Өмір тақырыптары болды. Жаңадан қалам ұштап жүрген ақындар Рәсілxан Досымбек, Ибрагим Тоғжан, Смағұл Назгүл және Әбілжанов Дарын Отанға және туған жерге деген жас буынның махаббатын бейнелейтін өздерінің қаласы туралы, университетіміз туралы және сезімдері туралы өлеңдерін оқыды.

  Халық айтады ғой: ата-ананың бақыты –балаларының бақытты болуында  деп. Студенттер Онбай Саламат, Әбділлә Мұрат және Жолдыбай Нұрдаулет отбасы құндылығы туралы өлеңдерін оқыды. Бұл тақырып залдағы көрермендерді ыстық ықыласқа бөледі. «Жыр Жауһар» клубының қатысушылары  Кәдір Арайлым, Сәбит Дина, Құрал Шалқар, Сьез Гүлнар, Болатқызы Данабибі, Есілбаева Әсел  және  Сейдеxали Гүлназ да көрермендер қошеметіне бөленді.

 Игенбекова Адина және Төленді Жандостың  «Дәрігер қыз» туралы театрландырылған қойылымы ерекше қызығушылық туғызды.

Қандай шығармашылық кеш махаббат лирикасынсыз, қандай ақын шабыт сыйлайтын музасыз болмақ. Залда отырған муза 2-курс студенті Әбілжанов Дарынды лирикалық өлең шығаруға себепкер болды. Қыздар қауымы жас ақынның батылдығына қошеметтерін аямады.

Осы кеште сахнаға ақындардан басқалар да шықты. «Жас қанат» конкурсының лауреаты Айдар Тулеев және ән салу үйірмесінің қатысушысы Сражадинов Мақсат Отан және Ана туралы әндерін орындады. «Қаракөз» шығыс билері халық ансамблі өздерінің шығармасымен көрермендерді тағы да қуантты. Поэзия мен өмір арасындағы философиялық байланысты бейнелейтін  «Трагедия тағдырым» поэмасының орындалуы кештің шарықтау шегі болды. Поэманы Мұқағали Мақатаев және  Оралхан Бөкей атындағы XII поэзиялық конкурстың «Гран При» иегері Онбай Саламат орындады.


0
6221

пікірлер

пікір қалдыру үшін.