Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Вильнюс университетіндегі ERASMUS + STAFF TRAINING WEEK, 2017

Вильнюс университетіндегі ERASMUS + STAFF TRAINING WEEK, 2017

06 Қазан 2017

Erasmus+ бағдарламасының аясында 25.09.2017-29.09.2017жж. аралығында  Литваның  Вильнюс университетінде Staff Training Week болып өтті. Мұнда тәжірибемен, идеялармен, озық  практикамен алмасу, жаңа байланыстар орнату және ынтымақтастықты нығайту мақсатында әлемнің 15 мемлекетінің 30 астам университетінен келген өкілдер қатысты.

Бүгінгі таңда Вильнюс университеті – Литвадағы ең ежелгі және ірі  университет. Университетте  13 факультет, 7 институт, 4 факультетаралық білім және ғылым орталықтары бар.  ЖОО-да Литвадағы ең ежелгі кітапхана орналасқан. QS хабарлауынша Әлемнің үздік университеттері рейтингінде  2016 жылы  Вильнюс университеті әлемнің 500 ЖОО қатарына енген.

Бір апта ішінде біз білім беру жөніндегі проректор, доктор Valdas Jaskūnas-пен, ғылыми қызмет жөніндегі проректор, профессор Rimantas Jankauskas, ғылыми орталықтың директоры, халықаралық қатынастар жөніндегі деканның орынбасары, профессор Jadvyga Krūminienė және т.б. кездестік, олар университет туралы ақпарат ұсынды, қызметтің негізгі бағыттары және халықаралық бағдарламаларға қатысу тәжірибесі туралы айтып берді. 

Біз университеттің негізгі факультеттерін, ғылыми орталықты араладық, Каунас факультетіне бардық, ЖОО ежелгі кітапханасымен, мұражайымен инфрақұрылымымен  танысуға мүмкіндік алдық, сонымен қатар, «Университет қоғамдастығын құру» семинарына да қатыстық.

Қатысушылар үшін Вильнюс қаласы бойынша экскурсиялар, Литваның тарихи астанасы - Тракай қаласына тур және ежелгі Каунас қаласына экскурсия ұйымдастырылды.

Аталмыш мүмкіндіктерді ұсынғаны үшін ҚММУ ректоры, х.ғ.д., профессор Р.С. Досмағамбетоваға,  стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі  проректор, х.ғ.д., профессор А.А. Тұрмұхамбетоваға және халықаралық ынтымақтастық бөліміне алғыс білдіремін.

Сондай-ақ, Erasmus + KA107 үйлестірушісі профессор Skirmantė Savickaitė және халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы  Raimonda Markevičienė жылы қабылдап, шақырғаны үшін және қызықты бағдарлама ұсынғаны үшін алғыс білдіремін.


0
5928

пікірлер

пікір қалдыру үшін.