Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ-дағы «TOM: Kazakhstan» халықаралық әлеуметтік жобасы

ҚММУ-дағы «TOM: Kazakhstan» халықаралық әлеуметтік жобасы

05 Қазан 2017

Өткен жылы Қазақстанда алғашқы рет ерекше қажеттіліктерге ие адамдарға арналған құрылғыларды дайындау бойынша мейкатон өтті, мейкатонның жеңімпаздары мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған жұмсақ экзоқаңқа жасап шығарған қарағандылық медик-студенттер болды. Биылғы жылы мейкатон біздің университетте өтетін болады.

2017 жылдың 7 қазанында сағат 10.00-де Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «TOM: Kazakhstan» жобасының бірінші кезеңі өтеді, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларын шешу бойынша Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген наваторлар жиналады.

TOM (Tikkun Olam Makers) «өзгеріп отыратын әлем» - уақыт өте барлық жер шарын басып алатын ерекше қажеттіліктерге ие адамдардың өмірінің сапасын жақсарту бойынша жаһандық қозғалыс.

Жоба мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмірінің  сындарлығын ұйымдастыруға бағытталған оңай дайындалатын және бағасы да қымбат емес прототиптерді қалыптастыру болып табылады.

Идеяларды прототиптерге айналдыру жобаның екінші кезеңі - мейкатонда өтетін болады (72 сағатты марафон), онда новаторлар нон-стоп режимінде жұмыс істейтін болады.

Жобаға қатысушылар студенттер, оқытушылар, медиктер, инженерлер, ротоботехниктер, ІТ және басқа да Қазақстандық мамандар.

Осындай жобалар АҚШ, Аргентина, Ұлыбритания, Израиль, Бразилия, Канада, Австралия және Вьетнамда 2014 жылдан бастап өтіп келеді. Қазақстандағы және ТМД ТОМ бірінші жобасы 2017 жылдың мамыр айында Павлодар қаласында өтті.

Жоба Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің қолдауымен Қарағанды облысының Әкімдігімен әріптестікте «Қазақстан Республикасындағы Тель-Авив университетінің достарының қауымдастығы» ЗТҚ жүзеге асып келеді.

Өтетін орны: Қарағанды қаласы, Гоголь көш.40, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

БАҚ арналған байланыстар:тел.: +7 7172 266 023, +7 775 134 16 24, e-mail: info@tau-friends.kz


0
5837

пікірлер

пікір қалдыру үшін.