Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Аристотель Университетінің (Грекия) профессоры Георги Каракулакистің ҚММУ-не академиялық ұтқырлығы

Аристотель Университетінің (Грекия) профессоры Георги Каракулакистің ҚММУ-не академиялық ұтқырлығы

29 Қыркүйек 2017

Профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 22.09-29.09.2017ж. аралығында жалпы фармакология кафедрасына Салоникидегі  Аристотель атындағы Университеттің (Грекия) медицина мектебінің деканы профессор Георгий Каракулакис келді.

ҚММУ- ге келген уақытында профессор «Жалпы медицина» мамандығының 3-курс студенттеріне ағылшын тілінде фармакология бойынша бір қатар дәрістер оқыды.

Дәрістер фармакология дамуының заманауи үрдістері есепке алына отырып, жоғары кәсіби деңгейде оқылды.

Дәрістер тақырыптары қазіргі күнде өзекті болып табылатын тәжірибемен тікелей байланысты.

Баяндалған мәлімет ғылымилық қағидаттарына сәйкес, студенттердің қабылдауына қолжетімді болды. Мәлімет бірізділікпен, қисынды түрде баяндалады, теориялық және клиникалық пәндер арасында байланыс байқалады.

Дәріс барысында фармакологиядағы әдістер мен өлшемдерді, емдік дәрі-дәрмектерді жасап шығуды қарастыруға арналған көрнекі, жүйелі мәліметтер ұсынылады. «Өмір салтының препараттары» тақырыбында оқылған дәріс өте қызықты болды.

Әр дәріс студент пен профессордың арасындағы  өзара тиімді байланыспен аяқталады, бұл студенттерге дәріс  туралы өз ойын айтуға мүмкіндік береді.

Cтуденттер бірауыздан мұндай форматтағы дәрістердің жиі  өткізілуі керектігін атап өтті, себебі, ой-орісті кеңейтіп, қалыпты теориялық материал шегінен шығуға ықпалы зор.

Студенттер профессордың дәрістерінің мазмұнына және берген түсініктемелеріне  қызығушылығын білдірді.

Жалпы фармакология кафедрасының ұжымы профессор Георгий Каракулакисты Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде дәріс беру ерекшеліктерімен таныстырды.

Өз кезегінде профессор Салоникидегі Аристотель атындағы Университетіндегі Медицина мектебінде студенттердің сабақтары қандай форматта өтетіндігі туралы баяндап берді, мектеп құрылымымен, жабдықталуымен, басқа медициналық оқу орындарымен байланысымен, оқып жатқан студенттер контингентімен таныстырды.

 Академиялық ұтқырлықтың алар орны ерекше және өзара тиімді қарым-қатынас құру үшін маңызды екендігі сөзсіз.

Бұл сабақ берудің сапасын жақсартып,  педагогикалық шеберлікті арттырады, оқу және ғылыми ынтымақтастықтың жемісті болуы үшін жаңа мүмкіншіліктерге жол ашады.

Жалпы фармакология кафедрасының ұжымы университеттің басшылығына профессор Г. Каракулакистің академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы бірқатар дәрістерін ұйымдастырғанына шексіз алғысын білдіреді.


0
5840

пікірлер

пікір қалдыру үшін.