Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
БАЛТЫҚ СОТ-МЕДИЦИНА қауымдастығының СОТ МЕДИЦИНАСЫ БОЙЫНША КОНФЕРЕНЦИЯ

БАЛТЫҚ СОТ-МЕДИЦИНА қауымдастығының СОТ МЕДИЦИНАСЫ БОЙЫНША КОНФЕРЕНЦИЯ

28 Қыркүйек 2017

2017 жылдың  20-22-шіқыркүйегінде Таллинде (Эстония) BMLA 2017 –сот медицинасы бойынша Балтық медициналық-құқықтық қауымдастығының Халықаралық конференциясы өтті. BMLA 2017 халықаралық диалогты ынталандырады және кәсіби және ұлттық шекаралар арқылы сот медицинасы саласында озық тәжірибе мен зерттеу бойынша тәжірибе және ақпарат алмастыру форумын ұсынды. Өздерінің мүмкіндіктері мен заманауи зерттеулерін ұсыну үшін арнайы шақырылған спикерлер конференцияға қатысты. Конференцияның негізгі тақырыптары:  сот патологиясы, клиникалық-құқықтық медицина, сот радиологиясы, виртуалды аутопсия, сот генетикасы, сот антропологиясы, сот токсикологиясыжәне сот стоматологиясы. Конференция Эстония жерінде 200-ден астам қатысушыларды жинады - әр түрлі мемлекеттердегі медициналық техниканы өндірушілер мен жетекші мамандар,сот медицинасының практикалық буынының өкілдері.

Конференцияның міндеті — сот медицинасының өзекті мәселелері сұрақтары төңірегінде білім мен тәжірибемен алмасу үшін  халықаралық алаң құру. Шараның ғылыми бағдарламасы заманауи сот-медициналық сараптама жүргізудің барлық ерекшеліктерін қамтыды.   Екі жұмыс күнінің ішінде Германия, Финляндия, Латвия, Литва, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, Португалия, Словакия, Түркия, Венгриядан қатысқан қатысушылардың баяндамалары ұсынылды. Сот медицинасының  өзекті мәселелері, жаңа әдістердің қолданылуы қарастырылып, бірқатар талқылаулар болды. Сонымен қатар, молекулалық-генетикалық зерттеу және сот токсикологиясы, виртуалды аутопсия әдістемелері бойынша тәжірибелік семинарлар мен шеберлік сабақтары өткізілді. Қазақстан Республикасындағы сот медицинасы дамуының басымдылықтары мен келешегі туралы баяндамасымен ҚММУ патологиялық анатомия кафедрасының доценті С.А. Мусабекова сөз сөйледі.   BMLA 2017 конференциясы жаңа біліммен бөлісуге,  кәсіби ілгерілеуге және сот медицинасының түрлі саласындағы әріптестермен іс-тәжірибе алмастыруға жаңа мүмкіндіктер, әлемнің барлық елдеріндегі әріптестермен қарым-қатынас орнатып, идеяларды дамытуға бағасыз мүмкіндіктер берді. 


0
5670

пікірлер

пікір қалдыру үшін.