Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бүкіләлемдік жүрек күні

Бүкіләлемдік жүрек күні

27 Қыркүйек 2017

  25 қыркүйекте Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім «Ы.С.К.» белсенділерімен бірге ҚММУ-де  «Бүкіләлемдік жүрек күніне» арналған дөңгелек үстелін өткізді.

«Бүкіләлемдік жүрек күні» жыл сайын 29 қыркүйекте  жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алу мәселесіне медицина қызметкерлерінің,  сонымен қатар, халықтың назарын аударуға бағытталған.

Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты – студенттерді миокард инфарктінің алғашқы белгілерімен, сонымен қатар, оның алдын алу тәсілдерімен таныстыру.

  Іс-шара барысында, 2 - курс студенті Абдихасова Гульбану «Жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды, қатысушылар осы аурумен күресудің заманауи тәсілдері туралы білді.

  Дөңгелек үстел соңында ұйымдастырушылар  қатысушылардың алған білімдерінің мүмкіндіктерін білу үшін бақылау викторинасын жүргізді.

 

   «ЫСК» жетекшісі Т.Аимбетов


0
5029

пікірлер

пікір қалдыру үшін.