Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан халқының тілдері күні

Қазақстан халқының тілдері күні

27 Қыркүйек 2017

Қыркүйектің 20 күні ҚММУ-дің № 4 жатақханасында Шет тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің Отанға деген сүйіспеншілігін,  кұрметін тәрбиелеу және  мемлекеттік тілді,  Қазақстан Республикасының аумағын мекендейтін өзге ұлттардың тілдерін құрметтеу.

Тілдер күні – бұл Қазақстан халқының ортақ мерекесі, сондықтан да өздерінің курстастарын осындай тамаша мерекемен құттықтауға әр түрлі ұлт өкілдерінің келуі тегін емес. Олар: түріктер, грузиндер, өзбектер, қытайлар, қазақтар, украиндар, және  немістер т.б. Олар көрермендерді өздерінің ана тілдерінде құттықтап қана қоймай, сондай-ақ, әр түрлі халық әндері мен көңілді билерімен таңғалдырды. Іс-шара барысыңда көрермендер қазақ халқының поэзиялық шығармашылығымен ғана танысып қоймай, жапон халқының да өнерін тамашалады.

Тілдер күні мерекесімен студенттерді тәлімгерлері, атап айтсақ, білім беру және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор - В.Б. Молотов-Лучанский, Халықаралық медицина факультеті деканының орынбасары М.Т. Күлтенова, шет тілдері кафедрасының меңгерушісі В.А. Бурмистрова, сондай-ақ, акушерия және гинекология кафедрасының оқытушысы Т.С. Слободчикова құттықтады.

Үндістаннан келген ҚММУ бесінші курс студенті Али Шадилдің құттықтауы қатысушылардың ерекше назарына ілінді. Ол студенттерді мерекемен құттықтап қана қоймай, ағылшын тілінің қазіргі таңдағы маңызы туралы да атап өтті.

Студенттер іс-шара аясында өздерінің тілдік қабілеттерін, шешендігін және де сүйікті Отанымыз Қазақстанның  аумағында тұратын басқа да ұлт өкілдеріне деген құрметтерін көрсете білді. Өткізілген тәрбиелік іс-шара тілдерді терең оқуға үлкен ынталандыру бола алды.


0
5226

пікірлер

пікір қалдыру үшін.