Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Абуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университеті студенттерінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқуға келуі

Абуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университеті студенттерінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқуға келуі

22 Қыркүйек 2017

2017 жылдың 17 қыркүйегінде Абуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің 4 және 5 курсының 12 студенті ҚММУ-не 2017-2018 оқу жылы бойы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқуға келді.

Студенттер семестр бойы жеке топтарда: жалпы гигиена, акушерлік және гинекология, дерматовенерология, эндокринология, ішкі аурулар, хирургиялық аурулар,  анатомиялық топография, педиатрия, нейрохирургия, жұқпалы аурулар, офтальмология,  травматология, клиникалық травматология және т.б пәндері бойынша оқудан өтеді. 

Студенттер ҚММУ құрылымымен танысты: университет кітапханасымен танысып, медицина және стоматология факультетінің деканымен кездесу өтті. Erasmus+ “WELCOME: Towards incoming international universities communities” жобасы аясындағы WELCOME орталығымен, ерікті-студенттермен, атап айтсақ «Самұрық» студенттік республикасының сыртқы істер министрі Мырзахметова Камила тарапынан ұйымдастырылған келген студенттерге бағдар беру бойынша кездесу өткізілді. Студенттерге ҚММУ-де тұру кезінде өткізілетін бірқатар мәдени іс-шаралар ұсынылды. Жақын арада өткізілетін іс-шаралардың бірі - 29 қыркүйекте ҚММУ-де өтетін концертті тамашалау және КарЛаг мұражайына бару болып табылады.

Студенттерге үздік оқуды және Қарағанды қаласында қызықты уақыт өткізуді тілейміз! 


0
5840

пікірлер

пікір қалдыру үшін.