Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Профессор Маргот Зигердің ҚММУ қоғамдық денсаулық сақтау және мейіргерлік ісі кафедрасына келуі

Профессор Маргот Зигердің ҚММУ қоғамдық денсаулық сақтау және мейіргерлік ісі кафедрасына келуі

21 Қыркүйек 2017

2017 жылдың 14 қыркүйегі мен 3 қазаны аралығында Германиядан сарапшыларды тарту бойынша жоба аясында SES(Аға сарапшылар қызметі) арқылы ҚММУ қоғамдық денсаулық сақтау және мейіргерлік ісі кафедрасына профессор Маргот Зигер келді.

Аға Сарапшылар Қызметі (SES) коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның мақсаты – халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, зейнетке шыққан мамандар мен басшы қызметкерлерді біріктіретін қоғамдық бастамаларда кеңес беру көмегін ұсыну. Қор 1983 жылы Боннада құрылды. Содан бері оның қатысуымен әлемнің 160 елдерінде 23000-нан аса жобадар жүзеге асырылды. Біздің елімізде қор 1994 жылы Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық аясында өз жұмысын бастады.

Сапар барысында профессор Маргот Зигер мен стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық бойынша проректоры А.А.Тұрмұхамбетованың кездесуі өтті. Профессор Қарағанды мемлекеттік медицина университетімен, соның ішінде Халықаралық ынтымақтастық бөлімі, университеттің ҒЗО ұжымдық пайдалану зертханасы және мұражайымен таныстырылды. Профессор Маргот Зигер 15 қыркүйекте қоғамдық денсаулық сақтау және мейіргерлік ісі кафедрасында студенттер мен магистранттарға келесі тақырыптар бойынша сабақ өткізуден бастады:

- Денсаулық сақтау жүйесі;

- Денсаулық үшін қауіп-қатерлер;

- Денсаулық сақтау және медициналық қызмет көрсету саласындағы қызмет көрсетулердің нәтижелері;

- «Денсаулық барлықтары үшін 21-ғасырда» (ДДҰ);

- Денсаулық сақтау саласындағы кәсіби қызметкерлер арасындағы ынтымақтастық;

- Белгілі бір аймақтағы денсаулық сақтау мекемелері арасындағы желілік өзара қарым-қатынас.

ҚММУ болған кезінде сарапшы қоғамдық денсаулық сақтау және мейіргерлік ісі кафедрасының оқытушыларымен өз тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелер туралы келесі тақырыптарда курс оқыды:

- Денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру.

- Медициналық сақтандыру.

- Қоғамдық денсаулықты насихаттау, әдістері (Германия тәжірибесі).

- «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша сабақ беруде PBL, RBL белсенді әдістерді пайдалану.

Жұмыс бағдарламасынан бөлек, профессорға мәдени шаралар да ұсынылды, аталған мәдени шаралар аясында профессор Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент мұражайымен таныстырылды.

Сонымен қатар, ҚарЛаг мұражайына, еліміздің астанасына және проф. Х. Ж. Мақажанов атындағы Облыстық травматология және ортопедия орталығына және ҚММУ емханасына Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы мекемелердің ұйымдастырушылық құрылымымен және жұмысымен танысу мақсатында танысу экскурсиялары жоспарлануда.


0
5409

пікірлер

пікір қалдыру үшін.