Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«МӘМС, Сұрақтар мен жауаптар» тақырыбындағы діңгелек үстел отырысы

«МӘМС, Сұрақтар мен жауаптар» тақырыбындағы діңгелек үстел отырысы

20 Қыркүйек 2017

2017 жылдың 18 қыркүйегінде Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде бизнес-құрылымдардың, Медициналық сақтандыру қорының, ҰҚП, Қарағанды қ. Маслихаты депутаттарының, «Нұр Отан» партиясының өкілдерінің, ҚММУ Байқау кеңесінің мүшелерінің, профессор-оқытушылар құрамының және қызметкерлерінің қатысуымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының Адами ресурстарды дамыту бойынша комитет төрағасы Петренко Елена Степановна МСҚ жеке бизнес төлемдерінің есебінен қаржылық қарыздың артуы туралы өз қорқынышын айтты. Е.С.Петренко экономиканың заманауи индустриалдықтан кейінгі кезеңінде адами ресурстарды дамытуға инвестиция құю маңызды деп айтты, оның ішінде айтарлықтай бағалы және өнідірстік мықты қызметкерлердің денсаулығын сақтау мен сырқаттарды профилактикалау.

МСҚ Қарағанды филиалының директоры Копобаев Фазыл Кованович 2015 жылдың 16 қарашасында қабылданған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңын ұстану қажеттілігі туралы айтты. Қор өкілі бүгінгі таңда МӘМС енгізу мерзімдерін ауыстыру туралы шешім қабылданбағаны туралы айтты.

«Нұр Отан» партиясының Қарағанды қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Бадина Юлия Викторовна мен Қарағанды облыстық Ұлттық Денсаулық сақтау палатасының төрағасы Мабиев Каиржан Нургалиевич ақпараттық-түсіндірме жұмысының қорытындыларын баяндады. Спикерлер халықпен жүргізіліп жатқан жұмысты жалғастырудың маңыздылығы туралы айтты.

«Қарағанды облыстық Тәуелсіз медициналық сарапшылар қауымдастығы» БҚ президенті Зорин Борис Викторович жекеменшік клиникаларының МӘМС жүйесіне қатысу келешегі туралы баяндады.

Пікірталасқа қатысушылар медициналық сақтандыру жүйесіндегі бизнеске одан әрі қатысу басымдылықтары туралы, сонымен қатар Қазақстанның жеке бір алынған өңірінде сынамалы жоба ретінде МӘМС енгізу мүмкіндігін талқылады.

Дөңгелек үстел отырысының барысында сарапшылар жұмыс берушілердің, медицина мамандарының, ҚММУ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Практикалық денсаулық сақтау өкілдері МӘМС жүйесі дәрігерлердің миграциясын қысқартуға, саланың кадрлар қарымын арттыруға және медиктерге лайықты еңбекақы төлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деген үміттерін жеткізді.



0
6369

пікірлер

пікір қалдыру үшін.