Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Сіздің денсаулығының өз қолыңызда!

Сіздің денсаулығының өз қолыңызда!

18 Қыркүйек 2017

Туберкулез сырқаты көне заманнан келе жатқан сырқат түрі. Жөтел, қақырық бөлінуі, қан түкіру, азу секілді туберкулездің негізгі көріністерін Гиппократ, Гален, Авиценна сипаттаған. Көне заманның өзінде  туберкулездің жұқпалы сырқат түрі екендігін болжаған.

ДЖҰ мәліметтері бойынша әлемде туберкулезбен жыл сайын 9 миллион сырқатталады, оның ішінде 3 миллионы әртүрлі асқынулардан қайтыс болады.

15 қыркүйекте «қоғамдық денсаулық сақтау, биология және фармация» факультетінің деканаты және «эпидемиология және еңбек гигиенасы» кафедрасының ұйымдастыруымен 1-2 курс студенттеріне туберкулезді алдын алу жөнінде дәріс жүргізілді. Дәрісті кафедра аға оқытушысы П.М. Брицкая жүргізді. Лекция барысында студенттер туберкулездің статистикасымен танысты, сонымен қатар симптомдарымен, клиникасымен, ең бастысы халық арасында профилактикалық жұмыстары сұрақтары қарастырылды.

Факультет студенттері туберкулездің таралуы және алдын алу сұрақтарын белсенді талдады. Дәріс соңында студенттер қажетті ақпаратты алғандары үшін дәріскерге өз алғысын айтты.

«Қоғамдық денсаулық сақтау,биология және фармация»

факультетінің деканаты


0
5569

пікірлер

пікір қалдыру үшін.