Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жалпы медицина» мамандығының 3-курс студенттерінің Авиценна атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтында тәжірибеден өтуі

«Жалпы медицина» мамандығының 3-курс студенттерінің Авиценна атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтында тәжірибеден өтуі

15 Қыркүйек 2017

Бұхара мемлекеттік медицина институты мен Қарағанды мемлекеттік медицина университеті арасындағы студенттердің сыртқы академиялық ұтқырлығы бағдарламасы аясында жүзінде жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдың 22 маусымы мен 5 шілдесі аралығында ҚММУ «Жалпы медицина» мамандығының 10 студенті Өзбекстанның Бұхара қаласында болды.

Бұл аталған ЖОО-мен алмасудың алғашқы тәжірибесі болды және біз зор қуанышқа бөлендік. Өндірістік тәжірибені ЖМКРҒО Бұхара өкілдігінде емшаралық мейіргер көмекшісі ретінде өттік. Құнды білім, жаңа дағдыларға ие болдық, сонымен қатар өз білімімізді жетілдірдік. Екі апта бойы біз кардиология, нейрохирургия, жалпы хирургия, гинекология, сонымен қатар балалар хирургиясы салаларында тәжірибе қабылдадық. Емшара және жара таңушы мейіргерлердің барлық қимыл-қозғалыстарында ат салыстық. Дәрігерлер өз тәжірибелері мен білімдерімен бөлісті, сонымен қатар бас сүйегін трепанациялау, жатырдан тыс жүктілікті кетіру, ламинэктомия, және т.б. көптеген операцияларда қатыстық.  

Қала да біздің назарымыздан тыс қалған жоқ. Себебі, Бұхара Өзбекстанның ең атақты қалаларының бірі ғана емес, сонымен қатар түркі халықтарының ең көне қалаларының бірі болып табылады. Қала біз танысуға асыққан орасан үлкен тарихқа, тамаша сәулетке ие. Арк қамалын, Пои-Калян, Ляб-хауз, Бахауддин Накшбанд сәулеттік ансамблдерін және Авиценна мұражайын тамашаладық. Барлығынан бұрын бізге қалаға жақын орналасқан Авиценна мұражайы ұнады.

Және барлық өзбек халқының ақкөңілділігін, ілтипатшылдығын және қонақжайлылығын жеке атап өткіміз келеді.

Біз құнды кәсіби дағдыларды алу және болашақта өз елімізге пайдалы болу мүмкіндігіне ие болғанымызға қуаныштымыз.

Біз БұхММИ-ның «Жалпы медицина және стоматология» факультетінің деканы Тешаев Шухрат Жумаевичке, «Жалпы хирургия» кафедрасының меңгерушісі Рузиев Атхам Эргашевке және өзіміздің тәжірибелік жетекшіміз Сафаров Суннат Сатторовичке үлкен алғыс білдіргіміз келеді.

Сонымен қатар, Өзбекстанда оқу тәжірибесінен өту мүмкіндігін берген университетіміздің ректоры Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызына үлкен алғыс білдіреміз.


0
6853

пікірлер

пікір қалдыру үшін.