Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тюмень мемлекеттік медицина университеті ординаторларының ҚММУ-не академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқуға келуі

Тюмень мемлекеттік медицина университеті ординаторларының ҚММУ-не академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқуға келуі

13 Қыркүйек 2017

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ҚММУ Тюмень мемлекеттік медицина университетінің 1- оқу жылының 7 ординаторларының тобы келді. Ординаторлар Колумбия елінің азаматтары болып табылады: Осорио Эстевез Рутх Яжайра (Терапия), Жиралдо Очоа Синди (Рентгенология), Чакуа Гиза Джессика Джохана (Акушерия және гинекология), Кастро Моралес Камило Андрес (Офтальмология), Кабалеро Кастеланос Ана Дурлей (Нейрохирургия), Панкеба Ариас Данни Франкиско (Акушерия және гинекология), Панкеба Ариас Карлос Фернандо (Педиатрия).

Аталған академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үдеріс 2017 жылдың наурыз айында басталған болатын. Бүкіл осы кезең бойынша болашақ ординаторлар қарқынды түрде Тюменде орыс тілін үйренді, ординатураға түсуге дайындау бойынша курстардан өтті және ҚММУ оқуға келуге құжаттарды дайындады. 2017 жылдың тамызында олар Тюмень ММУ-нің ординаторлары тізіміне ілінді, Қазақстанға келу үшін виза ашылды.

29 тамызда ординаторлар Қарағанды қаласына 2 ай бойы оқуға келді. Алғашқы күндер таныстырушылық сипатқа ие болды: ұйымдастыру бойынша сұрақтар шешілді, резидентура және қосымша білім беру факультетінің деканымен, Практикалық дағдылар орталығының директорымен, қабылдаушы кафедралардың меңгерушілері және ҚММУ Ректоры Р. С. Досмағамбетовамен кездесу ұйымдастырылды. 

Ординаторлар 4 қыркүйектен бастап оқуға кірісті. Тюмень ММУ-мен келісу арқылы ординаторларды қыркүйек айында Практикалық дағдылар орталығына оқуға жіберуге шешім шығарылды. Қазан айында ординаторлар оқу бағытына сәйкес кафедраларда жеке  оқудан өтеді. Сонымен қатар, ординаторларға ординатураның толық оқу кезеңінен өтуге Ресейге кіру үшін визаға құжаттар тапсыру күтіп тұр. 


0
6097

пікірлер

пікір қалдыру үшін.