Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Erasmus+ International Credit Mobility бағдарламасы бойынша Пуатье (Пуатье қ., Франция) Университетінде PhDдокторанттың білім алуы

Erasmus+ International Credit Mobility бағдарламасы бойынша Пуатье (Пуатье қ., Франция) Университетінде PhDдокторанттың білім алуы

08 Қыркүйек 2017

2017 жылдың 03 сәуірі мен 2017 жылдың 30 шілдесі аралығында 6D110100 «Медицина» мамандығының Бадыров Руслан Муратович 2-ші оқу жылы докторанты Erasmus+ International Credit Mobility бағдарламасы бойынша Пуатье (Пуатье қ., Франция) Университетінде оқып келді.

Профессор  Jean Pierre Faure-дің  жетекшілігі мен «Іштің алдыңғы жағының жарығын хирургиялық жолмен емдеудегі децеллюляризирленген  ксеноіш» атты жоспарланған докторлық диссертация тақырыбы бойынша Р.М. Бадыров академиялық ұтқырлық аясында ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Пуатье Университетінің Госпиталінде хирургия және анатомия зертханаларының базасында биологиялық имплантаттардың адам ағзасындағы жағдайының морфологиялық аспектілерін зерттейотырып,сонымен қатар іштің алдыңғы жағынқайта қалпына келтіруге биологиялық материалдардың клиникалық қолданысы зерттелді.Атқарылған жұмыстар нәтижесінде JSM General Surgery: Cases and Images журналында «Giant Abdominal Wall Desmoid Tumor:Surgical Resectionand Combined Reconstruction with Biological and Synthetic Prostheses» атты мақала жарық көрді.

ҚММУ ректоры, м.ғ.д., профессор Р.С.Досмағамбетоваға, стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық ғылым жөніндегі проректор, м.ғ.д., профессор А.А. Турмухамбетоваға, ҮКДФ(Үздіксіз кәсіби дамыту факультеті) деканатына және ғылыми жетекші, м.ғ.к., профессор Н.Т. Абатовқа ұсынылған мүмкіндіктер мен көрсетілген қолдау үшін үлкен алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, профессор Jean Pierre Faure-ге, координатор Otis Pioche-ге, Пуатье Университетінің халықаралық ынтымақтастық және ғылым факультеті деканының орынбасары PatriceNaudin-ге шақырғаны үшін, бірлесе жасалған жұмыстар, ұсынылған жаңа мәліметтер, көрсетілген көмек және қалайлы жағдай жасағаны үшін алғыс білдіргім келеді.


0
6109

пікірлер

пікір қалдыру үшін.